Бизнес жоспар «Қағаз құты өндіру кәсіпорыны» АҚ
Автор: Madikhan • Октябрь 14, 2018 • Реферат • 2,265 Слов (10 Страниц) • 1,121 Просмотры
БИЗНЕС ЖОСПАР
«Қағаз құты өндіру кәсіпорыны» АҚ
МАДИ МЕН ДОСИК
Мазмұны:
- Кіріспе
- Бизнес жоспардың мақсаты
- Саласы
- Өнеркәсіп орны және оның мақсаты
- Резюме
- SWOT – анализ.
- Өнім және қызмет
- Бизнес бағыттар
- Шығарылатын өнімнің сипаттамасы және сауда маркасы.
3.2.1.Шығарылатын өнім сипаттамасы
3.2.2.Сауда маркасы
- Маркетинг пен нарық.
- Маркетинг жоспары
- Сатылым көлемі
- Нарықтар
- Өнеркәсіп орны
- Серіктестер
- Өндірістік қызмет
- Өндірістің ұйымдастырылуы
- Өнеркәсіптің шикізатпен қамтамасыз етілуі
- Өндірісте қолданылатын технологиялардың қысқаша анықтамасы
- Бюджет
- Айлық бюджеті
- Жылдық бюджет
- Қысқаша презентация
1.КІРІСПЕ
1.1. Бизнес жоспардың мақсаты
Бұл бизнес жоспарға, қағаздан жасалған құты кәсіпорынын ашудың артықшылығын көрсету міндеттелген. Біз (Құрамысов Дастан, Баймахан Мәдихан) қазіргі нарықтың деңгейіне SWOT анализ жасап, бәсекелестікке қабілетті кәсіпорындардың өндірістік күшін ескеріп, қағаздан жасалған құты кәсіпорынының ең тиімді даму жоспарын құрастырдық. Бұл бизнес жоспарда барлық кемшіліктер жан жақты талқыланып, мәселелерді шешудің әдіс тәсілдері жіктелген. Кәсіпорынның қаржылай қамтамассыз етілуі жаңадан жасалып, бюджеттелген негізде құрастырылды. Бұл бизнес план Утегулова Б.С. ханымға көрсетілуге арналған (Тұран университеті екінші семестрінің, екінші аралық бақылауында), және толыққанды нұсқа болып есептелмейді. Негізгі түсінікті қалыптастыру үшін, біз бұл бизнес жоспар келесідей мағұлмат беретінін ескертеміз:
- Мұғалімге:
- Бизнес жоспардың толықтай іске асу әдісі
- Идеяның қажетті деңгейде талқыланып, инновациялы екендігі
- Атқарылған жұмыспен және болжамдармен есепті түрде танысу
- Белгіленген уақыт аралығында болған өндіріс кестесімен танысу
- Кәсіпкерлік серіктестерге:
- Кәсіпорынның артықшылығы мен ерекшелігі туралы біліп, болашақ серіктесі ретінде кәсіпрынның жалпы жоспары туралы ақпарат алу
- Акционерлерге:
- Кәсіпорынның жалпы қызметі туралы объективті ақпарат алып, дамудың жоспары мен мақсатын дұрыстап бағалай алу және туындаған мәселелерді шешудегі басшылықтың іс әрекетігн білуі
- Инвесторларға:
- Кәсіпорынның потенциялды мүмкіндігін біліп, бизнес планда көрсетілген жоспарларға сай инвестиция құю мүмкіндігі
- Өндіріс саласы
Қазіргі уақытта қарапайым кофе, шай немесе салқын сусынның жедел түрі етек алуда. Яғни, осындай сусын түрлеріне сұраныс артады, ал сонымен қоса бәсекелестікке толы кафе, фаст-фуд мейрамханаларының да саны артып сұраныспен бірге ұсыныс та артатынын көрсетеді. Міне, осындай жағдайда жедел дайындалатын сусын түрлеріне арналған құтылар мен ыдыстарға сұраныстың артатыны белгілі. Сондықтан да біз, қағаз-кардон құтылар жасайтын кәсіпорынның пайдалы болатынына сенімдіміз.
Қазір Алматы қаласында бар болғаны бір ғана қағаз құты өндіретін кәсіпорын бар және ол қала нарығын толықтай қамтамассыз ете алмайды. Жергілікті кәсіпорын өндіретін өнімнің сондай-ақ бағасы жоғары болып келеді, сондықтан қалалық кафе, мейрамханалар шет елдік өнімді (Ресей, Қытай) сатып алғанды тиімді деп есептейді.
Өнімді тұтынушылар
Өнімнің түпкі тұтынушысы болып қарапайым қатарлы азаматтар есептеледі, ал кәсіпорынның негізгі тұтынушылары, бұл – жеке кәсіпкерлер болып табылады.
Жүргізілген соңғы анализге байланысты қала және қала маңы нарығында Алматы қаласында шамамен 3 мыңдай қоғамдық тамақтану орыны бар (кафе, ресторан, бар және т.б.), егер сол орындардың 1/3 бөлігінде өзімен бірге алып кететін сусындар сатылатын болса, болашақта ықтимал сатып алушылар саны бір мың деген сөз. Алматы қаласында 1,8 миллионнан астам халық тұрады, сол халықтың 1 пайызы қағаз құтымен күнделікті кофе ішетін болса, ондай тұрғындар саны 18 мың болады, яғни қағаз құтыға деген сұраныс жоғары деңгейде болады. Ал қала халқының саны өскен сайын біздің кәсіпорында жасалған қағаз құтыға деген сұраныстың да өсетінін көрсетеді. Онымен қоса Алматы қаласы маңы агломерацияларында саны бір миллиондай тұрғын бар. Бұл нарықтарға да кәсіпорынның шығуы мүмкін ықтималдығы бар және өнімге деген сұраныстың артуына әсер ете алады.
...