Азықтық ақуыз өндірісі
Автор: Botagozzzz • Март 2, 2020 • Реферат • 4,649 Слов (19 Страниц) • 1,165 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КЕАК «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ
Бекітемін
«Технология және биоресурстар»
факультетінің деканы
______________Б.Буралхиев
«__»__________2018ж
19наурыз-21сәуір аралығындағы
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
БТ-212К студенті Алтынбекова Ботагөз
Кафедрадағы практика жетекшісі Үкібаев Ж.
Өндірістегі практика жетекшісі Велямов М.
Алматы 2018ж
Мазмұны
Терминдер мен анықтамалар___________________________________3
Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеті____________________4
Негізгі бөлім
«Қазақ өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институты» тарихы________________________________________________________5
2.Азықтық ақуыз өндірісі________________________________________6
2.1. Ашытқыны және бактерияны қолдану_______________________6-12
2.2. Бактериядан алынған ақуыз концентраттары__________________12-14
2.3 Балдырларды және микроскопиялық саңырауқұлақтарды қолдану.
Ақуыз препарат өндірісінің технологиясы________________________14-16
2.4Микроскопиялық саңырауқұлақ ақуыздары___________________16-20
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2
Терминдер мен анықтамалар
Sacharamyces cerevisiae- Ашытқыш саңырауқұлақтар ақуыз, май, дәрумендерді өте жақсы сіңіретіндіктен, тамақ және мал азықтық ақуызды концентрат дайындауға кеңінен қолданылады.
Сhlorella- жасыл балдырлар класына жататын бір клеткалы балдыр.
Spirulina- микробалдыр.
Penicilium- зең саңырауқұлақтарының үлкен бір тобы
Индикатор – қышқылдар мен сілтілерде түсін өзгертетін зат.
3
Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеті
Мен Алтынбекова Ботагөз Болатбекқызы өндірістік практиканы Қазақ өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институтында өттім.Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру.
Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, оларды жұмыс барысында қолдану.
4
Негізгі бөлім
«Қазақ өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институты» тарихы
«Қазақ өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 2010шы жылдың шілдесінен бастап дербес институт болып табылады , құрамына Семейлік филиалы кіреді. Оған дейін (2008ші жылдан бастап) «Қазақ ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми –зерттеу институты» ЖШС филиалы болып келген.
Шикізат және тамақ өнімдері қауіпсіздігі мен сапасы зертханасы 2008жылы құрылды.
Зертхананы биотехнология саласының маманы, биология ғылымдарының докторы Велямов Масимжан Тұрсынұлы басқарады. Тамақ қауіпсіздігін басқару және енгізу , өнімнің сапасы және ішкі аудит, әсіресе, ISO 22000 және 9001 бойынша халықаралық және республикалық сертификаттардың 6 иегері . Зертхана қызметкерлерімен көкөніс және картопты сақтау және егу кезеңдеріндегі микробиологиялық және токсикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және баға беру тұрғысынан ғылыми-зерттеулер жүргізіледі.
...