Абай қазақтың ұлы ақыны және ойшылы
Автор: Ulbosyn_0667 • Октябрь 27, 2023 • Эссе • 975 Слов (4 Страниц) • 158 Просмотры
Қазақ халқында Әл-Фараби,Иранның ғұламасы Фирдоуси,Кытай кемеңгері Конфуцийден кем түспейтін ұлы тұлға кім десе,есімізге Абай түсетіні анық.Абай қазақтың ұлы ойшылы,өлең-сөзінің патшасы,бас ақыны.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтсе де,ел жадында мәңгі сақтаулы.
Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз,оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып,сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.
Абайдың туғанына 178 жыл уақыт өтсе де,оның еңбектері халық жадында сайрап,оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.Абай сепкен ұрық,өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп,ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді,бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде.Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып,кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп,ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.Өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді,оның әрбір бетінен,әрбір жолынан,әрбір сөзінен бізге,соншама ыстық,соншама жақын леп естіледі,ол леп өткен заманның кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті,жүрегімізге қонымды Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр.Осы орайда Абай бүкіл әлемге қалай танымал болды? деген сұрақ туындайды.Көптеген қазақ,орыс,басқа ұлттың жастары байтақ өмірде Абайдың тамаша әндерін радиода,сахнада,кең жайлауда мал шетінде,ұлы құрылыстың ірге тасында шырқатты,жүрек қылын шерткен тамылжыған өлеңдерін тамсана оқи бастады.Бұл тек әсем әнге еліктеу ғана, немесе әсем сөзге сүйсіну ғана емес.Еңбек иесінің күні кеше ғана сахара даласындағы қайғы-зарын,қорғансыз әйел мұңын танытады ол саздан. Білім,еңбек, теңдік,достық туралы еңбекші елдің көкейтесті арманын сезінеді.Осындай жарқын,ізгі тілектің көлеңкесінде ошағандай қаулаған күншілдік, мақтангөйлік,жалақорлық,жалқаулықты шенеген сынды кереді. Ұлы орыс мәдениетіне шақырғаны,алты бақан алауыздық кезде бірлікке,халықтар достығына мегзеген идеясы жастар жүрегіне қонды.Сол себептенде Абайдың жырлары бүгінгі таңда әлемге әйгілі.Ұлы ақынның мұрасы туған халқы үшін сан рет басылса да сарқылмайды.Оған себеп-туған елін,өскен жерін Абай қаншама сүйсе,қаншама оның оты мен суына түсіп,күңіреніп,тебіренген болса,бүгін елі де оны соншама құрметтеп,әлпештеп сүйіп отыр.Біз мақтануымызға да болады,өйткені Абай өзінің заманы мен замандасынан көрмеген сый құрметті,бізден,өзі баулыған ұрпағынан көрді,көзі тірісінде жетпеген арманына бүгін жетті. Абай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа,ғасырдан ғасырға өтпек,ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап,жасарып,нұр төге бермек.
Абай мұрасы - Адамды адам етіп тәрбиелеудің,жан-жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары.Ақынның толық адам туралы айтқандары-жас өскінді адамды сүю,құрметтеу,елжандылық,биік адамгершілікке бастайтын жол.Сондай–ақ,әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып қана қоймай,соның ұшар басынан көріне білу-бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың,адами мақсат-міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт, бағдары.Ақынның шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының
...