Абай мұрасы – жаңа заман азығы
Автор: r.almas • Апрель 12, 2021 • Эссе • 921 Слов (4 Страниц) • 881 Просмотры
Абай мұрасы – жаңа заман азығы
Өмірде мәңгілік ештеңе жоқ деп жатамыз. Бірақ, қателесіппіз. Мәңгілік дүние бар, ол – Абай мұралары. Тек сол мұраны кәдеге жарату үшін тыңдайтын құлақ пен көретін көз болса жеткілікті. Төменде аталған іс-шаралар Абайдың тек 175 жылдық мерейтойында ғана емес, жыл сайын қайталанып отырса, Абай есімін білмейтін ел болмас еді.
Абай тілге тиек еткен дүние – сан ғасыр өтсе де құндылығын жоғалтпайтын адам болмысы. Еңбектері сырт көзге сол заманның тұрмыс-тіршілігі жайында боп көрінгенмен, оқыған жан адам бойына біткен жағымды әрі жағымсыз бейнелердің тайға таңба басқандай анық ашылғанын көреді. Адам болмысы – бүгінгі күннің де басты мәселесі болып отыр. Адамзат тіршілігі тоқтамай, бұл мәселенің тоқтайтын түрі жоқ. Сондықтан, Абай мұрасы – ешқашан өшпейтін, адамдарға ауадай қажет азық іспеттес.
Абай мұраларын көпке үлгі етіп, кәдеге жарату мақсатымен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай бірнеше жоспар жолға қойылған болатын. Бұлардың қатарында карантин режиміне қарамастан ұйымдастырылған іс-шаралар да аз емес. Алдымен, еліміз карантинге жабылмай тұрып атқарылып үлгерген іс-шараларға тоқталып өтсек.
Алғашқы боп Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын өз қара шаңырағымызда 21-23 қазан аралығында 9-11 сыныптар арасында өткізілген I және II Республикалық Абайтану олимпиадасын атап өтсек артық болмас. Себебі, бұл жоба Абайдың әрі 174, әрі 175 жылдық мерейтойына арнап өткізілген алғашқы іс-шаралар қатарында. Республикамыздың 14 облысы мен 3 қаласынан жиналған 123 оқушының 63-і еліне майлы қоржынмен қайтқан болатын. Абайдың қарасөздерін, өлеңдері мен әндерін, поэмалары мен аудармаларын, әрі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын қамтыған бұл олимпиаданың жүгі жеңіл болмағаны сөзсіз.
2020 жылдың қаңтар айы еліміздің түкпір-түкпірінен ашылған Абай көрмелерімен лық толы. Атап айтсақ, 5 қаңтар күні Елордамыздың ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 8 бөлімнен тұратын «Абай тағылымы» атты иллюстративті-кітап көрмесі ашылса, осы айдың 13-жұлдызында Алматы қаласындағы Орталықтандырылған А.П.Чехов кітапханасында «Абай – тұтас бір әлем» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Келесі көрме 21 қаңтар күні жалғасын тапты. Таразда облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Абайдың 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды. 29 қаңтар күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Абай – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесі ашылды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту туралы Жарлық бекітілген соң еліміздің әрбір тұсында әртүрлі іс-шаралар қолға алына бастады. Солардың бірі – 12 ақпан күні Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өткізілген “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй" атты ән фестивалі. Фестивальда Абай атамыздың әндері, күйлері, өлеңдері мен қарасөздері көпшілік назарына ұсынылды. Фестиваль соңында Абай атамызға арналған кітап көрмесі таныстырылды.
Іс-шаралар 20 қазан күні жалғасын тапты. Алматыда Республика сарайында ғұлама ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған “Абай – әлемдік ғажайып тұлға” атты әдеби сазды кеш өтті. Іс-шара ерекшелігі – ақын домбырасы түпнұсқасының көрерменге жол тартуы. Көне жәдігер Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінен жеткізілген.
...