Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа заманның құрылыс тәсілдері

Автор:   •  Март 8, 2022  •  Реферат  •  4,005 Слов (17 Страниц)  •  306 Просмотры

Страница 1 из 17

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕВРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Білім беру геодезиялық практикасы бойынша есеп

6B07302 "Құрылыс" мамандығы

Тақырыбы: Жаңа заманның құрылыс тәсілдері

                                          Аға басшы: Алексеева Е.Ю.

                                          Орындаған: Жайлаухан Айжарык ҚҰР-101(қ) группасы

                                          Өту орны: ИнЕУ

Павлодар

2020 ж.

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе.............................................................................................................2

2.Негізгі бөлігі ..................................................................................................7

2.1.Теория ..........................................................................................................7

2.2. Практикалық тапсырманы орындау........................................................11

3. Қорытынды...................................................................................................16

4. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................17

1.КІРІСПЕ

Құрылыс-бұл қызмет саласы, онда адам сенімділік, жайлылық, эстетика туралы өз түсініктерін жүзеге асырады, құрылыс адамның көп қырлы қызметінде жетекші орынға ие, қоғамның әлеуметтік, мәдени және рухани өміріне айтарлықтай әсер етеді. Негізгі кәсіби қызметте заманауи қала құрылысы үрдістері және ғимараттарды жобалаудың негізгі принциптері, ғимараттардың көлемдік-жоспарлау схемалары, ғимараттардың жоспарлау және сәулет-көркемдік шешімдерін қалыптастырудағы ғимараттар элементтерінің рөлі қарастырылады. Құрылысшының еңбегі үлкен өндірістерде болсын, кішігірім салалық бригада болсын, мамандар әр түрлі құрылыс жұмыстарын орындауда еңбек функциялары нақты бөлінген. Өндіріс орнының құрылыс алаңдарында ұзақ уақыт орындайтын бір типті немесе әр түрлі әрекеттерді бір мезілде (ерітіндіні жағу, кірпіш тастарды қалау, сылау және т.б.) орындайтын еңбек түрлері де кездеседі.Құрылыс өндірісінде кәсіби еңбек түрі бойынша бірнеше мамандықтарға бөлінетіні белгілі. Мысалы,: тас қалаушы, монтажшы, айнек салушы, бетоншы, ағаш ұстасы, плитка жапсырушы және т.б. Кішігірім көпсалалық құрылыс бригадасында жоғарыдағы аталған арнаулы кәсіп түрлерінің бірімен шектелу мүмкін бола бермейді. Сондықтан, ол топтағы кәсіби еңбеккерлер икемді түрде бір еңбек түрінен екінші бір кәсіп түрлеріне ауысып отыруына тура келеді. Бұл құрылыс алаңдарында еңбек ететін мамандардың кәсіби біліктілігіне жоғары талаптар қойылады.Құрылыс саласының мамандары ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кезінде материалдар мен технологияларды білуі, оларды тәжірибеде қолдана алу тәсілдерін орындай алу іскерлігі болуы абзал. Сонымен бірге, құрылыс жұмыстарының ережелерін, құрал-жабдықтар мен аспаптардың ерекшеліктерін, олармен жұмыстану кезінде техника қауіпсіздіктерінде білуі мен сақтану әрекеттерін орындау дайындығы жеткілікті болады. Осыған байланысты, үлкен бригадалық құрылыс алаңдарында бір іс-әрекетке мамандандырылған құрылысшы, өзінің еңбек түрін жан-жақты білуімен бірге, құрылыста жасап жатқан басқа еңбек түрлері бойынша жалпы түсінігінің болуы да орынды.

 Шектеулі бригда да кәсіби еңбек ететін құрылысшы бірден бірнеше еңбек түрлері бойынша біліктілігінің болуын қажет етеді. Өйткені, кішігірім көлемдегі құрылыс нысандарын тұрғызу немесе жөндеу жүргізу барысында құрылыс маманы тас қалау, бетін тегістеу, бояу, ағаш материалдарымен жұмыс орындау сияқты. Бұл техниологиялық процестер мен операциялар жеке тұрғын үйлерді салғанда, тұрғын үйлерді жөндегенде кеңінен кездеседі.

Құрылыс саласының еңбек үдерісі физикалық жағынан ауыр еңбек түрі болғандықтан, онда еңбек ететін мамандардың физикалық келбеті мен күшінің, денсаулығының мықты, кеңістік ортада жедел бағдарлау қабілетінің жоғары болуын, психологиялық жағынан төзімді, табанды, қайратты, эмоциялық күйі орнықты, ойлау процесінің жедел, тез әрекеттер орындауын талап етеді.Өндірістік процестердің механизациялары мен мамандардың физикалық еңбек үлесі ауыр болғанына қарамастан, қоғам мен әлеуметтік ортада құрылыс саласына сұраныстың күннен-күнге артып келе жатқаны белгілі. Осыған орай, жастардың да аталған саланың мамандықтарына үлкен қызығушылықтар танытып, кәсіби білім беру оқу орындарында құрылыс мамандықтары бойынша білім алуға олардың саны да өсуде. Құрылыс еңбек түрлерінің басым бөлігінде физикалық күшті және төзімді қасиеттеріне қойылатын талаптар сақталып әрқашан тұрақты отырады. Ол бұлшық ет күштерін ұзақ қалыпты күйде сақтау және үлкен күш қажет ететін қозғалыстарды орындау қабілетімен байланысты. Мысалы, ерітінді жағылатын бетке жағушының ерітіндіні лақтыру, тасты қалау, бетон құю, оны тегістеуге көп күш және төзімділік қажет етеді.Көптеген құрылыс саласының мамандықтарына жоғары ырғақта жұмыс жасау, бір жұмыс түрінен екінші бір жұмыс түріне икемді ауыса алатын, жылдамдықта әр түрлі іс-әрекеттерді орындау арасында зейіннің дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін нерв жүйесінің қозғалмалылығымен ерекшеленеді. Көптеген құрылыс саласындағы мамандықтарға эмоционалдық орнықтылық талап етіледі. Әсіресе, стрессті жағдайлардан шығу жиі жағдайда нерв жүйесіне тәуелді болады. Мысалы, техникалық құрылғыларды пайдалану мен қызмет көрсету, құрылыс көліктерін басқару жұмыстарында проблемалық ситуациялардың пайда болуында, төтенше жағдайларды шешу мен басқару функцияларына эмоционалдық күйдің сақталуы мен орнықтылығы қалыпты болуы абзал.Қол еңбегімен айналысатын жұмысшылардың орындаушылық-қоғалыстық белсенділігі жоғары. Дамыған техника түрлерін құрылыс алаңында қолдану барысында, оларды жөндеуге, жинауға, реттеуге, тетіктері мен механизмдерін ажыратуға қолмен орындайтын ептіліктерді қажет етеді.

...

Скачать:   txt (61.3 Kb)   pdf (256.2 Kb)   docx (79.2 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club