Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қайта өрлеу және Жаңа заман философиялары

Автор:   •  Март 1, 2023  •  Реферат  •  3,159 Слов (13 Страниц)  •  253 Просмотры

Страница 1 из 13

Сро Серікқалиқызы Айпара

Қайта өрлеу және Жаңа заман философиялары

Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің  философиясы.

Қайта өрлеу  (Ренессанс) дәурінің  филсофиясы XIV-XVI ғ.ғ. қамтиды. Ренессанс орта ғасырлардағы теоцентризм  ілімінің  орнына антропонцентризмпринципін қойды. Қайта өрлеу философиясы гуманистердің пайда болуымен басталады. Гуманистер – ол ғалым адамдарының ұйымдары. Олар антикалық  қолжазбалар іздеумен, оларды аударумен, популяризациялаумен, нағыз антиканы қайта  құрумен айналысты. Италиядағы гуманизм бағытының негізін салушы – Франческо Петрарка. Оның шығармашылығында тіл мәдениетінің өзгеруі, құндылықтардың жаңа сатысы, жаңа христиандық айқын байқалады. Атаққа тірек болу, жалғыз  дәстүрге адалдық мәдениеттің барлық байлығын зерттеумен алмасты. Гуманизм адамға кең көзқарасты жаңа идеяларға жол ашу, дәстүрді таңдау бостандығын берді.

Пико дела Мирандоланың атақты «Адам қадір-қасиеті туралы сөзі» гуманистің антропоцентрлік ойларды түсіндіреді. Ол адал бостандығын  керемет  анықтамасын берді. Ол қазіргі  заманның философиялық антропология негізінде жатыр.  Әлемдегі барлық негіздің табиғаты бар, оның басынан аяғына дейін өмірін, өмір сүру тәсілін және негізін анықтайды, тек қана адамның ешқандай табиғаты жоқ. Адамның «табиғаты» - тәуелсіз болу, яғни өзін-өзі құру, өзіңнің «негізіңді» анықтау. 

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы социал-утопистік көзқарастарымен әйгілі. Томас Мор – утопиялық коммунизмнің негізін салушы. Оның өмірге деген көзқарастары «Мемлекеттің  ең ташама құрылысы Утопия аралы туралы өте  пайдалы, әрі  қызықты, шынымен де алтын кітап ...», «Утопия» сөзінің мағынасы – «Жоқ жер». Кітапта  Утопия  аралығындағы адамдардың идеал өмірі туралы баяндалған. Оның негізгі белгілері – антииндивидаулдылық, ұжымдық, жеке меншікті жою, тұтыну теңдігі. Мор  алғашқы  христиандық ілімге және практикаға, Платонның  идеалды мемлекет туралы теориясына  сүйенеді.

Томаззо Кампанелла инквизиция түрмесінде 27 жыл өткізді. Онда ол өзінің  әлемге әйгілі «Күн қаласы» атты «Утопиялық социализмінің» екінші классикалық трактатын жазған.

ХVI ғасыр дін көтерілісі болды. Гуманизм интеллектуалды элитамен  байланыстырылды. Реформациякатоликтік шіркеуге үлкен соққы берді, нәтижесінде христиандықта үшінші  негізгі ағым – протестанттықтың пайда болуына әкелді. Католик шіркеуін екіжүзділік және сатқындық үшін жек көрген Мартин Лютер 1517ж. Реформацияны бастады, ол Виттенберг шіркеуінің есіктеріне тезис қатарларын іліп қойған болатын. Оның басты тезисі: тек қана сеніммен құтылу. Адамға құтылу үшін Библия ғана қажет. Протестанттықтың келесі бір принципі – барлығының киелілігі. Құдай алдында барлығы тең. Соның салдарынан руханият жойылмаса да, олардың  құқығы мен саны азайды. Протестанттық моральда алғашқы буржуазиялық белгілер көрінеді.

Қайта өрлеу философиясына өзіндік үлесін қосқан ойшыл Николай Кузанский. Гуманизмнің басқа өкілдеріне қарағанда Кузанский математика және жаратылыстану ғылымдарының саласына көп көңіл бөлген және өзіндік  христиандық натуралистік пантеимзнің негізін салушы. Дүние құдайда өмір  сүреді, құдай дүниеде өмір  сүреді, құдай шексіз актуальды болғандықтан, дүние – шексіз, яғни онда әр түрлі шекаралардан өтуге болады. Осылайша, еуропалықтардың  дүниетанымында ұлы революция басталды - аристотель-птолемейлік христиандық әлемнің геоцентрлік бейнесінен өту: Жер дүниенің орталығы емес, қозғалмайтын жұлдыздардың соңы емес. Дүние шексіздігінен таным процесі шексіздігі келеді. 

Гелиоцентрлік жүйе идеясы ежелден белгілі, дегенмен оны алғашқы ғылымға енгізген Коперник болды (1543). Коперниктің философиялық дүниетанымдық теориясы мынада жатты: ол шіркеу беделіне қарсы шығып, соның салдарынан шіркеу монополиялық шындықтан айрылды. Қозғалыс және Күн тоқтауы жайында айтатын Інжілдің өзі күдікке шалынды.

«Қасиетті Жазуға нақты қарсы келетін философиялық тұрғыдан жалған жан еретикалық» деген атаумен Коперниктің ілімі  1616 жылы  шіркеумен қатаң шектелді.

Галилейдің еңбектерінде гелиоцентризімге теоретикалық дәлелдемелер жасалды, ғылыми динамиканың (антиперипатетикалық) негізі қаланды. Галилей дүниенің механикалық суретінің негізін (механицизм) және табиғаттың жаңа эксперименталды-математикалық әдісін қалаған. Иезуиттердің бағасы бойынша оның іс-әрекеті «Лютер және Кальвиннің жазуларынан да өткен сорақы». «Галилей идеясы» европалық өркениеттің дамуында анықтаушы рол атқарды.   

...

Скачать:   txt (45.7 Kb)   pdf (178.6 Kb)   docx (23.5 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club