Абай мұрасы-казактын касиеттi казынасы
Автор: Akmarzhan8 • Ноябрь 29, 2023 • Реферат • 879 Слов (4 Страниц) • 106 Просмотры
АБАЙ МҰРАСЫ-ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫНАСЫ
Мырзабаева Ақмаржан Жамбылқызы
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің
9 «А» сынып оқушысы
Ғылыми жетекші:Туребаева Роза Болатовна
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Ұлы Абай-ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану,оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін , әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Ендеше, бір сөзбен айтсақ ұлт мұратын , ұлттың тілін, діңін , аманатын әлемге паш етер болсақ, Абай атамызға бас июіміз қажет. Сонда ғана ұлт армандары, мұрат қағидалары орындалған деп білеміз.
Абай сөзі-қазақтың бойтұмары. Ең қасиетті қазынасы.
«Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», -деп Н.Назарбаев айтқандай , Абай мұрасы біз үшін мәңгілік.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларын жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетіне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы ел мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас жол болып келеді.(Ж.Ысмағұлов)
...