Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаһандану жағдайындағы Қазақстан: рухани жаңғырудың қажеттілігі

Автор:   •  Сентябрь 9, 2021  •  Эссе  •  271 Слов (2 Страниц)  •  337 Просмотры

Страница 1 из 2

Жұмагереев Әлижан 21-09

Эссе:

Жаһандану жағдайындағы Қазақстан: рухани жаңғырудың қажеттілігі:

 Жаһандану жағдайындағы ең маңызды мәселе – рухани қауіпсіздік болып отыр. Рухани қауіпсіздік мәселесі ХХI ғасырдың соңында көкейтесті мәселеге айналады. Бұл мәселе әлі терең зерттелмеген, жүзеге аспаған қоғамдық қажеттілік болып отыр. «Қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір шарты – рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Руханилық – Қазақстанның ұлттық мүддесінің бір бөлігі. Оларды қорғау үшін елді әскери, ақпараттық, әлеуметтік, экономикалық қауіпсіздікпен қатар жүретін, солардың ұйытқысы болатын рухани қауіпсіздікпен қамтамасыз ету керек. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігінің рухани негізі – оның тұрақты дамуына түрткі болады. Рухани қамтылмаған елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарының бұзылуына және халықтың рухани денсаулығы құлдырайды. Яғни рухани қауіпсіздік – адамның рухани экологиясын қорғау болып табылады. Рухани өмір – жеке адамның өзін-өзі тану мен өзін-өзі жасауы. Рухани қауіпсіздік – қоғамның ең маңызды өлшемдерін қорғайтын шарттар жүйесі. Бұл өлшемдерден шығу қоғамының біртұтастығын бұзып, оның рухани-адамгершілік негіздерін құртады. Наполеон: «ар-ұяттың төмендеуі – мемлекеттің саяси тұтастығын құлдыратады» деген сөздері бекер айтылмаған. Егер ұлттық рухтың ұясы – тіл десек, тілінен, ділінен, мәдениетінен айырылған ел, мемлекет болудан қалады.

Сондай-ақ, рухани қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ерекше құраушы бөлшегі. Руханилық ұлттық қауіпсіздіктің ұйытқысы.

 Рухани қауіпсіздіктің объектісі адамдардың әлемді, табиғатты және қоғамдық болмысты қабылдауындағы сезімдері, бағыт-бағдарлары.

Менің ойымша рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі шарттарды орындау керек:

1) қазақ тілін дамыту, оны әлемдік тілдер қатарына қосу, өркениет тіліне айналдыру.

2) мәдени, рухани-адамгершілік, тарихи салт-дәстүрлерді сақтау және дамыту.

3) халықты рухани тәрбиелеу негізінде мемлекеттік саясатты жүргізу

ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық сананың кемелденуі. яғни, ұлттық сана – сезімнің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың, өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.алайда, басты мақсат – ұлттық салт – дәстүрлеріміздің, тіліміз бен музфкамыздың, әдебиетіміздің, жоралғыларымыздың, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (76 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club