Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Жолдастар» романы - Ілияс Жансүгіровтің

Автор:   •  Ноябрь 6, 2022  •  Курсовая работа  •  140,344 Слов (562 Страниц)  •  1,337 Просмотры

Страница 1 из 562

МАЗМҰНЫ

І.Жансүгіров романдары...............................................................................4

І.Жансүгіров лирикалары..........................................................................118

І.Жансүгіров поэмалары............................................................................169

І.Жансүгіров пьесалары.............................................................................262

І.Жансүгіров  әңгімелері...........................................................................378

І.Жансүгіров  сын-ысқақ әңгімелері........................................................427

І.Жансүгіров  мақалалары.........................................................................447

І.Жансүгіров  аудармалары.......................................................................511

І.Жансүгіров  фельетондары.....................................................................544

І.Жансүгіров  хаттары (Жүректен ескен жұпар самал)..........................563

І.Жансүгіров романдары

АЛҒЫ СӨЗ

«Жолдастар» романы - Ілияс Жансүгіровтің проза саласындағы іргелі шығармаларының бірі. Жазушы романды екі кітап етіп жазуды жоспарлаған. Баспагерлерге жазған хатында І.Жансүгіров өз еңбегінің төмендегідей болатынын ескертеді:

«Жолдастар» атты романның қысқаша мазмұны төрт бөлімге бөлінген. Біріншісінде – қазақ кедейлерінің тұрмысы, екіншісінде – төңкерістен бұрынғы қалаға, өндіріске байланысты казақ жұмысшыларының өмірі, үшіншісінде – 1916 жылғы жиһангер соғысының тұсы, төртінші бөлімде – 1917 жылғы төңкеріс. Осы желімен романның бірінші кітабы бітеді. Романның екінші кітабы – тұтасымен Қазақстандағы азамат соғысынан алынған...».1

Романның бірінші кітабының толық нұсқасы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы латын әрпімен 583 беттік көлемде басылып шығады. Аталмыш нұсқасы екінші рет 1962 жылы Ілияс Жансүгіровтің таңдамалы шығармалар жинағының 3-томында жарық көреді.

Бір атап өтетін жайт, алғашқы және кейінгі нұсқаларында  бірінші кітаптың жалғасы басылмауы оқырманды ғана емес, әдебиеттану ғылымында да түрлі ой-пікірлер туғызады.

1960-жылдары әдебиетіміздің үш арысы ақталғаннан кейін, Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы мен өмірі жан-жақты зерттеле бастады. Сол тұста әдебиетші ғалым Мырзабек Дүйсенов «Жолдастар» романына өз көзқарасын айқындай келе: «Жолдастар» романын                 Ілияс Жансүгіров о баста екі кітап етіп жазуды жоспарлаған да, бірінші кітаптың сюжетін Қазан революциясының жайына, екіншісін - халық шаруашылығын қалпына келтіру дәуіріне арнамақ болған. Бірақ романның екінші кітабы жазылмаған»2, –деген пікір айтса, ІлиясЖансүгіровтің жары Фатима Ғабитова «Алыптар тағдыры»3 атты еңбегінде: «Жолдастар» романының екінші кітабы жазылған, бірақ жарық көрген жоқ» – дегенді айтады.

Ақиқатын анықтау қажеттігі өзінен-өзі түсінікті. Сол оймен Ілиястың

2Материал 1996 жылдың 15 мамырында Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров әдеби мұражайының директоры Кәмила Көбепқызы Қоқымовадан алынады.

2 Дүйсенов М. І.Жансүгіров. Алматы. Ғылым, 1965,57 б.

3  Ғабитова Ф. Алыптар тағдыры. Алматы, Жазушы,1995, 115-б.

ағайын-туыс, балаларынан сұрастырғанымызда, оның жеке мұрағаты болуы керек деген жауап естідік. Ильфа Ілиясқызы Жандосова бір сұхбатында: «Мамам Ілиястың «Жолдастар» романының екінші кітабы бар, ол әлі жарыққа шыққан жоқ деп жиі айтатын» – дегені жазушының жеке мұрағатына еріксіз жетеледі.

Мемлекеттік орталық мұрағаттағы Ильфа Ілиясқызы тапсырған құжаттары мен қолжазбалардың бәрін дерлік қарастырғанымызбен, бірінші кітаптың жалғасы көзімізге ілікпеді. Алғашқы кезде қолжазба мұқабаларындағы «Жолдастар» романының «II және III кітабы» (Ф. № 1368. Оп. 1, № 8); (Ф. № 1368. Оп. 1, Д: № 9) деген белгілерді көргенімізде, бірінші кітаптың жалғасы бар болғаны ғой деп үміттенгенімізбен, ішіндегі жазылғандар жарық көрген бірінші кітаптың мазмұны болып шыққан соң, әзірге ғалым Мырзабек Дүйсеновтің пікіріне құлақ асып отырмыз.

...

Доступно только на Essays.club