Сараптама жасаудың теориялық принциптары
Автор: TogzhanRysbek • Апрель 29, 2018 • Реферат • 17,469 Слов (70 Страниц) • 767 Просмотры
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан территориясында тарихында ерекше орын алған діни нысандар мен діни ескерткештер өте көп. Қазақстан өзінің басынан талай қиын – қыстау кезеңді өткере отырып, көптеген діндердің қазақ жеріне келуі қазақ жеріне өзіндік із қалдырып отырды. Әр түрлі діндердің тарихи діни ескерткіштері қазақ жерінің түкпір түкпірінде кездеседі, оған тәуелсіздік алған кезеңнен бергі діни ұйымдардың діни ескерткіштер қосылуда. Осы ескерткіштердің әр қайсысын жекеше талдай отырып, көптеген таңбалардың кездесетінін байқауға болады. Бұл таңбалардың өзіндік мән – мағынасы бар. Сондықтан да ескерткіштердің қазіргі кезеңде осы рәміздік мағынасын зерттеу өте маңызды.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Бұл жұмысыта қарасытырылған мәселелер семиотка ғылымының шығу тарихы мен орыс және шет ел мәдениетінде дамуы және семиотика ғылым саласының сәулет өнердегі рөлі. Бірінші тараудың бірінші бөлімшесінде, Семиотика ғылым ретінде даму сатысы және де, семиотика ғылымының негізін қалаған ғалымдардың еңбектері зерттелді.
Сонымен, семиотика — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы, табиғаттағы немесе адамның өз қызмет – қабілетіндегі ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.
Ғылыми еңбектерде семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:
- Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым – қатынасты білдіретін синтактика;
- Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым – қатынасты білдіретін семантика;
- Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым – қатынасты білдіретін прагматика
Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады.
Семиотика ғылымының негізін американың философтар Чарльз Сэндерс Пирс пен Чарльз Моррис және швейсарлық лингвист Фердинанд де Соссюр қалаған. Чарльз Пирстің семиотика туралы еңбегі 1930 жылдары шыға бастады.
Семиотика метадалогиясы сәулет өнерін зерттеуде өте пайдалы аспект болғандықтан, екінші бөлімшеде семиотика ғылым саласының архитектурамен байланысы зертелді. Сәулет өнеріндегі семиотиканың дамуын төмендегідей сипаттауға болады.
Архитектуралық семиотика негізгі үш құрлымнан тұрады. Семантика құрлыстың мағыналық жағын зерделесе, құрлыспен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым – қатынасты білдіретін синтактика. Ал прагматика құрлыс формасын зертейді. Көптеген архитекторлар мен құрлысшылар сәулет өнерінің атасы деп б.з.д ежелгі Римде өмір сүрген әскери инжинер, архитектор Ветрувиды санайды. Ол құрлыста әдемілік пен төзімділікті және құрлыстың пайдалылағына жетік мән беріп үйлестіре білген.
Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 – мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Келе – келе сәулет өнерінде Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс – Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабатқа дейін салынған.
...