Мәдениеттануға кіріспе
Автор: Dilnaz07 • Октябрь 3, 2021 • Лекция • 1,192 Слов (5 Страниц) • 448 Просмотры
Дәріс 1. Мәдениеттануға кіріспе.
Кіріспе. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
- Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және өркениет.
- Мәдениет және өркениет.
1.«Мәдениеттану» курсы әлеуметтiк-гуманитарлық циклындағы жалпы бiлiм беруi пәнi болып саналады. Мәдениеттану ғылым ретінде қарастырылып, қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Бұрын мәдениет саласын философия, тарих, өнер тану, этика эстетика және басқа да ғылым салалары қарастырып келген болатын. Біздің қоғамымыздағы рухани өмірдің түбірлі өзгеруіне байланысты Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарында мәдениеттану тек ғылым ретінде бөлініп қарастырылмай, жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытудың өзектілігі күн тәртібіне қойылып отыр.
Бұл курс мәдениет құрылымы, мәдениеттің субьектісі туралы, культурогенез, мәдениет диалектикасы, мәдени құндылықтар және нормалар, мәдени салт-дәстүрлер, әлемнің мәдени картинасы, мәдениеттің әлеуметтік институттары, мәдениеттің даралығы, мәдени модернизация, мәдениет типологиясы, этникалық және ұлттық, элитарлық және бұқаралық мәдениеттер, мәдениеттің Шығыстық және Батыстық типтерінің ерекшеліктерін терең түсінуге және айырмашылықтарын ажырата білуге көмектеседі. Бұл курсты оқып білу барысында студент әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеттерінің дамуы туралы терең танысып, Қазақстан мәдениетінің даму тарихынан толық мәлімет алып, оның әлемдік мәдени үрдісіндегі орнын анықтай алады.
Пәндi оқытудағы мақсат: Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мән мәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру; -қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру; заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру; -студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру; -әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету; -сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Мәдениет морфологиясы. Мәдениет» |культура| сөзi – әрбiр адамның сөздік қорында кездеседi, бiрақ та бұл сөзге сан-қилы мән-мағына берiледi. Мәдениет бiрде рухани өмiр құндылығы ретiнде түсiндiрiлсе, кейде ол өнер, әдебиет құбылыстарына жатқызылады, сондай-ақ мәдениеттi шаруашылық мiндеттердi шешуге қатысты идеология ретiнде қарастыратын дәстүрлерде бар. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар – археология, этнография, тарих, социология, сондай-ақ, сананың түрлi формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дiн, мораль және т.б. зерттеген түсiнiктер бар.
Мәдениет (культура) терминi қоғамдық және гуманитарлық пәндердiң категориальдық аппаратына ене отырып, онда химиядағы – зат, физикадағы күш, биологиядағы – организм секiлдi маңызды роль атқарады. Жалпы мәдениет күнделiктi жай ғана баға беруден бастап, ұқыптылық, сапалылық, орындылық, шеберлiк түрiнде көрiнедi. Көп жағдайда мәдениеттiлiк қала өмiрiне, сауаттылыққа, рухани сұранымға, ғылым жетiстiгiне де қатысты түсiнiктемеде ұғындырылады.
«Мәдениет» (культура) терминi латынның «cultura» сөзiнен келiп шыққан, топырақты өңдеу, культивация жасау деген ұғымды бiлдiредi. Гректер культура ұғымын «пайдея» - бала жетектеуші, білім беруші, ал римдіктер тәрбиеші, ұстаз мағынасында қолданған, араб тілінде «маданият» - қала деген мағынаны білдірді. Мәдениет ұғымы және оның мәні туралы ерте дәуірден бастап-ақ философтардың еңбектерінде көзқарастар қалыптасқан. Мәдениеттану өзінің дербес зерттеу объектісі бар бүгінгі кейпінде ХХғ ғана пайда болды. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуына американдық ғалым Л.Уайт (1900-1975) өзінің «Мәдениет жайлы ғылым» (1949) атты кітабы арқылы көп еңбек сіңірді. Оның еңбегі мәдениеттің зерттеу пәнін анықтауда өте зор. [pic 1][pic 2]
...