Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көне түркілердің наным-сенімдері,діни ұғымдары

Автор:   •  Ноябрь 10, 2021  •  Контрольная работа  •  1,385 Слов (6 Страниц)  •  562 Просмотры

Страница 1 из 6

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

             

[pic 1]

СӨЖ-2

Тақырыбы:Көне түркілердің наным-сенімдері,діни ұғымдары.

                                                         (реферат)

                                            Орындаған:Макулбек Асем,аударма ісі 1 курс

                                            Тексерген:Каупенбаева Самал Мухаметалиевна


Жоспар:

-Кіріспе.

     Наным-сенім мен дінге түсінік.

-Негізгі бөлім.

     Көне түркілердің наным-сенімі.

     Көне түркілердің діні.

-Қорытынды.

     

КІРІСПЕ

    Наным-сенім – ертеден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Жалпыадамзаттық таным аймағында елеулі және маңызды орын атқарып келген, қоғамның тұтастай саяси-мәдени, рухани-әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты болған діни сенім өте көне замандардан бастау алады. Бүгінгі күнгі бір құдайға сенетін монотеистік дінге дейін немесе әлемдік діндер және ұлттық діндер деп аталатын классикалық толыққанды діндерге дейін адамзат діни сенім кезеңін бастан өткерді. Бұны «алғашқы діни сенімдер» деп атаған. Бірақ нақты қашан пайда болғандығы туралы айғақтар жоқ, дегенмен, адамзаттың өте балаң кезінде, мифтік дәуірге дейін, тіпті одан да бұрын алғашқы діни сенім элементтері пайда бола бастады. Олардың сарқыншақтары бүгінгі күнге дейін жекелей немесе белгілі бір діннің аясында, соның ішінде құрамдас бөліктер ретінде сақталып отыр.

    Дін- жоғарғы жаратушы және өмір сүруші күшке табынуға негізделген мистикалық көзқарастардың бірлігі ретіндегі қоғамдық сананың формасы болып табылады. Цицерон шығармаларында «дін» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығатын бірден-бір тұжырым, дін деп кез келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтарымен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім діннің негізін қалаушы фактор. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен Құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол Құдаймен байланысты сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Адам әлеуметінің ең көне рәсімдерінің бірі құрбандық шалу рәсімі. Осыдан діни наным-сенімдердің қоғамдық қатынастарды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарға шығарылған.Жалпы,бұл ұғым мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (Құдай, Тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетишизм) болып табылады.

       НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 Жалпы көне заманнан ежелгі түріктердің сенімін түсіну үшін олардың қоныстанған аймағын мұқият қарастырған жөн болған. Бұл этникалық топтың қалдықтарына қатысты алғашқы археологиялық олжалар Орталық Азияда – шексіз дала мен мөлдір, жарқыраған көк аспан елінен табылды. Көшпелі тайпаның өмірі аспанның «көңіл-күйіне» байланысты болды. Күн жылыды, жаңбыр ылғал берді, найзағай жиі өртке себеп болды. Демек, басты тәңір – Тәңірі ата-мекенші ата, еркектік принцип, бар нәрсенің жаратушысы болған аспан болды. Бұл құдай қазіргі Қазақстанның ең биік нүктесі Тянь-Шань шыңдарының бірінде тұрады деп есептелді. Бұл шың Хан Тәңірі, Аспанның Иесі деп аталады. Бұл діннің пайда болу уақыты әлі күнге дейін талқылануда. Көптеген ғалымдар ежелгі түріктердің мифологиясын ішінара көрші этностардан алған және біздің дәуірімізге дейінгі III мыңжылдықта болған деп есептейді. Бұл нұсқаның пайдасына негізгі дәлел ретінде көршілес халықтардың діндерінде кездесетін құдайлардың атаулары келтірілген: егер түріктерде Тәңірі болған болса, онда, мысалы, ғұндарда Тангрихан, Лидия гректерінде - Таргиенос, скифтер мен славяндар - Тарғытай. Ежелгі бұлғарларда Тәңір құдайының аналогы - Тангра болған, бірақ оның есімі сәл басқаша мағынаға ие болды - аспан емес, күнәлар үшін құдайдың жазасының бейнесі ретінде күн күркіреуі Алайда, Тәңіршілдікті түркілер дербес жасаған деген тағы бір көзқарас бар. Ғалымдар бұл діни ағымды біздің дәуіріміздің 4 ғасырында алғаш сипаттаған жазба деректерге сүйене отырып, осындай тұжырым жасаған. Көк Тәңірі түркі тайпаларының ішінде адам кейпінде болмаған. Ол бәрі болды - аспан, ауа, жұлдыздар әрқашан өмір сүріп келе жатқан жан-жақты рухты бейнеледі. Мысалы, Тәңір – қырғыздың мағынасы жағынан жоғарғы құдайдың атына жақын, ‘шексіздік’деп аударылған сөзі. Басқа құдайлардың болуына қарамастан, Тенгриандық бірінші және ең ежелгі монотеистік наным сенім болып саналады. Негізінде, түркі құдайлары адамдарға мейірімді қарым-қатынасымен сипатталады, олар адамдарды қорғауға шақырылған, тек анда-санда күнәлары үшін жазалайды деген тұжырым бар.Ал егер басқа белгілі заттардың,мысалы, жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: “Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев “таң” және “ер” сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын “таң”, автордың пікірінше, күннің шығуымен байла­нысты болса, “ер” – түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір “Күн адам”, “Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.Сонымен қоса түркілердің біз білетін белгі наным сенімі болып,ежелгі ен даланы, орман-тоғайды, тау-тасты т.б. күні-түні түрлі рухтар кезіп жүреді деген т.сінік болған. Түріктер отты киелі құбылыс есептеп, оны пір тұтқан. Зұлымдық, қараңғылық, жамандық әкелетін рухтарды отпен тазалап, аластайтын діни ғұрып болған. Түрік қағанына келген Византия елшісі Земархтың өзін, тіпті киім-кешегіне дейін қалайша отпен аластағанын атақты тарихшы Менандр қызықты етіп баяндаған деректер сақталған.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (106.3 Kb)   docx (23.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club