Кемістік және орнын толтыру ұғымдары
Автор: dilnazka19 • Февраль 4, 2021 • Лекция • 2,011 Слов (9 Страниц) • 1,764 Просмотры
- КЕМІСТІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ
2.1. Кемістік және орнын толтыру ұғымдары
Дамудың алғашқы және туынды кемістігі.
Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар әсерінен, органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық– педагогикалық түзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады.
Даму әдісінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты, «төменнен жоғары» болған жағдайда, дер кезінде коррекциялық–педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың әлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.
А. Адлердің және Л. С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімдері.
«А. Адлер теориясының негізі адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің көзқарасына бойынша, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді
жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады».
А. Адлерден кейін Л. С. Выготский функциональды ұстанымда, бір органикалық кемістіктің баланың кеміс екендігіне дәлел болмайтынына назар аударады. Кемістіктің әсері үнемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л. С. Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бұл заң, ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».
Психикалық қызметтердің кемшілігі мен зақымдануын компенсациялау, тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар: жүйеішілік қайта құрулар (жойылған қызметтердің сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйеаралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауының сипап-сезумен компенсацияланатыны (Брайль шрифті).
Л. С. Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан, емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті, оның қандай да бір қызметтің (функциясының) жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған қызметтің бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму әдісіндегі компенсациясы».
2.2. Дефектологиядағы Л. С. Выготскийдің рөлі
Л. С. Выготский арнайы психологияның негізін салған ғалым. Арнайы психология негізінде, Л. С. Выготскийдің енгізген бірқатар тұжырымдары бар. Ғалымның пікірінше, сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей.
Бірақ жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемтар баланың өзіндік даму ерекшеліктерін де атап көрсетті. Аномальды психиканың басты ерекшелігі ретінде, биологиялық және мәдени әдістер дамуының бір-бірінен алшақ болатынын көрсетті (дивергенция).
...