Термодинамиканың бірінші бастамасы. ∆U және ∆Н ұғымдары, олардың термодинамикалық жылу эффектілермен байланысы
Автор: Dinara00 • Ноябрь 4, 2018 • Реферат • 1,983 Слов (8 Страниц) • 1,579 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университеті
«Мұнай және Газ» факультеті
«Экология жәнеХимиялық технология» кафедрасы
«5В072100-» мамандығы Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Реферат
Пәні: Физикалық химия
Тақырыбы: Термодинамиканың бірінші бастамасы. ∆U және ∆Н ұғымдары, олардың термодинамикалық жылу эффектілермен байланысы.
Орындаған: ХТОВ-17-1 тобы студенті
Абишева Динара.
Тексерген:Аимова Муршида
Ақтау-2018
Жоспары:
- Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері.
- Термодинамиканың бірінші заңының қарапайым процестерге қолданылуы.
- Термодинамикалық процестер.
- Гесс заңы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері
Термодинамика ғылым ретінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысының соңында пайда болды. Ол кезеңде термодинамиканыңмақсаты – жылулық пен жұмыс арасындағы байланысты орнату және бу машинасының теориясын жасау болып табылды. Содан кейін термодинамиканың мақсаттары айтарлықтай кеңейеді және ХІХ ғасырдың екінші жартысында оның негізгі заңдары ғылымның әртүрлі салаларында, оның ішінде химияда қолданыла бастады.
Термодинамика – жылудың, жұмыстың және әртүрлі энергиялардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылым (therme-жылу, dinamis – күш; термодинамика терминін кіргізген В. Томсон).
Термодинамика жеке микробөлшектердің (атомдар, иондар, молекулалар) қозғалыстарын қарастырмайды, сол өте көп микробөлшектерден тұратын макрообъектінің физикалық қасиеттерін және процестің температураға, қысымға, электр немесе магнит өрісіне және т.б. параметрлерге жалпы тәуелділігін қарастырады.
Термодинамика негізгі үш заңға негізделеді: бірінші, екінші және үшінші. Химия ғылымының көптеген басқа заңдылықтары мен қағидаларын осы үш заңның негізінде логикалық жолмен қорытындылауға болады. Кейінірек термодинамиканың нөлдік заңы ашылды, ол заң химияда сирек қолданылады.
Термодинамиканың заңдары адамзат тәжірибелерінің нәтижесінде ашылып, кейіннен тұжырымдалды.Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңымен тікелей байланысты. Ол әртүрлі процестердің, оның ішінде химиялық реакциялардың жылулық балансын есептеуге мүмкіндік береді.
Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңымен тікелей байланысты. Ол әртүрлі процестердің, оның ішінде химиялық реакциялардың жылулық балансын есептеуге мүмкіндік береді.
Термодинамиканың бірінші заңы – энергия сақталу заңы.Бірінші заңды алғаш тұжырымдаған Гельмгольц (1847). Бұл заң дәлелденбейді, адамзат тәжірибесінің қорытындысы болып саналады. Мұндай заңдарды табиғат заңы деп те атайды. Белгілі математик Анри Пуанкаренің айтуынша: «шындығында,энергияның сақталу заңына бәрінің әбден сенетін себебі, математиктер оны тәжірибелік факт деп қабылдаса, экспериментаторлар оны математикалық теорема деп санайды».
Термодинамиканың бірінші заңының негізгі мағынасы ─ тек энергия сақталуын ғана емес, сонымен қатар энергияның бір түрден екінші түрге айналу мүмкіндігін көрсетуі. Энгельс термодинамиканың бірінші заңының философиялық мағынасын ашуда табиғатта болатын қозғалыс түрлерінің бір-біріне ауысуы мүмкін және аусады дадеп тұжырымдаған
Системаның абсолютті толық энергиясын анықтау мүмкін емес, сондықтан әртүрлі процестерде системаның бір күйден екінші күйге өткен кездегі энергияның өзгерісін анықтайды немесе белгілі күйде тұрған системаның энергиясын таңдап алынатын стандартты күйімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Мысалы, газды алатын болсақ, оны 1 атм қысымда және сәйкес температурадағы идеалдық газбен салыстыруға болады. Сұйық ерітіндіні таза сұйықтықпен, ал қатты затты белгілі температурада және 1 атм қысымда болатын ең тұрақты кристалдық аллотроптық түрімен салыстырады. Системадағы өзгерістер стандартты деп аталатын осындай күйлерге қатысты
...