Нақты, номиналды және шекті өлшемдер, шекті ауытқулар, шақтамалар және қондырулар туарлы ұғымдар
Автор: Аяжан Балтабай • Октябрь 9, 2022 • Контрольная работа • 1,141 Слов (5 Страниц) • 456 Просмотры
Дәріс 2. Дәріс тақырыбы: Нақты, номиналды және шекті өлшемдер, шекті ауытқулар, шақтамалар және қондырулар туарлы ұғымдар.
Номиналды және нақтылы өлшемдер.Бұған қатысты негізгі терминдер және анықтамалар МЕСТ 25396-82 көрсетілген.
Номинал өлшем деп, машина детальдарын қолданылатын жеріне байланысты есептеуден туатын негізгі өлшемді айтаймыз. Бұл өлшем детальдардың чертежінде көрсетіледі.
Нақты өлшем деп, тетіктерді дайындаудан кейін белгілі қателікпен өлшеніп алынған өлшемді айтамыз.
Шекті өлшем деп, детальдардың нақты өлшемін шектейтін өлшемдерді айтамыз.
Ауытқу деп, шекті өлшем мен номинал өлшемнің алгебралық айырмасын айтамыз.
Шекті өлшемдірдің өзі екі түрге бөлінеді:
а) ең үлкен шекті өлшем;
б) ең кіші шекті өлшем.
Сондықтан, ауытқу да екі түрлі болады.
ES = Dmax – Dном – жоғарғы ауытқу;
EI = Dmin – Dном – төменгі ауытқу.
Ауытқулардың таңбалары оң да теріс те болуы мұмкін.
Шақтама дегеніміз, ең үлкен шекті өлшем мен ең кіші шекті өлшемнің алгебралық айырмасы.
Dmax – Dmin = T – шақтама.
Осы екі шекті өлшемнің айырмасы үлкейген сайын шақтама де үлкейіп, детальдың дәлдігі кемиді, соған байланысты құны да төмендейді. Тетіктерді қондыру мен шақтамасын графиктік жолмен анықтағанымызда, белгілі бір нольдік сызық арқылы өлшемдер ауытқуының орналасуын белгілейміз. Сондай-ақ, шақтамалар жинағын квалитет деп атаймыз. Квалитет номиналдық өлшемдер дәлдігін анықтайды.
Нольдік сызық графиктік бейнеде номинал өлшеммен бірдей оның үстінен өтеді. Жоғарғы ауытқу және төменгі ауытқу өздеріне сәйкес осы нольдік сызықтың төменгі және жоғарғы жағына орналасады. Графиктік жолмен бейнелеу кезінде біз шақтаманы тереңірек білу үшін шақтаманың аумағы деген шаманы енгіземіз. Шақтаманың аумағы дегеніміз, шекті өлшемдермен шектелген өлшемдер аумағы. Шақтаманың жоғарғы шегін ең үлкен шекті өлшем, ал төменгі шегін ең кіші шекті өлшем көмкереді.
Машина жасау барысында тетіктерді әр түрлі біріктіреді. Соның ішінде ең көп тарағандарының бірі жанастырып кондыру. Айталық, екі тетікті біріне-бірін кондырсақ, олардың біреуі екіншісіне бекітіледі.
1. Білікке төлке кондырылған. Бұл жерде төлке қамтушы деталь, ал білік — қамтылушы деталь болып есептеледі. Қамтушы және қамтылушы детальдар өлшемдерінің айырмашылығы қонымдылықты сипаттай алады. Сонымен:
Dвт - Dб - қондыру.
Аб - Аш - қондыру.
Егер қондыру оң таңбалы болса, онда оны саңылаулы «S» қондыру, егер теріс таңбалы болса — керілмелі «N» қондыру деп атайды.
Саңылау мен керілу шамасы әр түрлі болады:
1) [pic 1]- ең үлкен саңылау;
[pic 2]- ең кіші саңылау;
2) [pic 3] - ең үлкен керіліс;
[pic 4] - ең кіші керіліс;
Қонымдылықтың шақтамасы деп ең үлкен және ең кіші саңылау мен керілудің айырмасын айтады.
3) Smax – Smin = TS – саңылаудың шақтамасы;
Nmax – Nmin = TN – керілудің шақтамасы;
Ауыспалы қондырудың шақтамасы еқ үлкен және ең кіші керілудің алгебралық айырмасына немесе ең үлкен керілу мен ең үлкен саңылаудың алгебралық қосындысына тең болады.
Қондыруды орьшдалуына байланысты үш түрге бөлеміз:
1) керілмелі;
2) саңылаулы;
3) ауыспалы.
Ауыспалы қондыру, детальдар қосымша шпонка, штифт және бұранда арқылы бекітетін қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады.
Қондырудың түрін таңдау көбінесе тәжірибеге немесе есептеуге байланысты жүргізіледі. Престі қондырулар берілетін күштің шамасына қарай есептеледі. Ал саңылаулы кондырулар сырғанау подшипниктерінде сүйықтық үйкелісін туғызу үшін қолданылады. Көптеген қондырулар жанасатын екі детальдың біреуінің шекті ауытқуын өзгертіп, ал екіншісінің өлшемдерін сол дәлдікке байланысты тұрақты қалдырып жасалады. Бұл әдістің өзі детальдардың жасалуын жеңілдетеді және қолданылатын аспаптардың санын азайтады. Егер қондыру біліктің өлшемдерін өзгерту арқылы жасалса, онда ол қондыру негізгі тесік системасы бойынша іске асырылған деп есептеледі.
...