Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра

Автор:   •  Апрель 26, 2018  •  Творческая работа  •  377 Слов (2 Страниц)  •  1,114 Просмотры

Страница 1 из 2

Тақырыбы: Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра.

Мақсаты: Шәкәрім шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын насихаттау. Шәкәрімнің өлеңдері арқылы студенттердің рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Кіріспе сөз: Келген қонақтармен таныстыру.

1-жүргізуші:

2018 жылы ақын, аудармашы, сазгер, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 160 жыл толады. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.

2-жүргізуші:

Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

1-жүргізуші:

Кезекті сайыстың кезеңдері мен шарттарына беретін болсақ. Әр қатысушы сайыста таңдау құқығы бойынша белгілі – бір кезеңге ғана қатысуына болады.

2-жүргізуші:

І кезең: «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Ақынның өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІ кезең: «Жырлайды жүрек». Шәкәрім  Құдайбердиевтің сөзіне жазылған әндерді орындау.

ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңде оқушылар Шәкәрімге арнаған өз шығармаларын оқиды.

1-жүргізуші:

Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім. - деп өзі жырлағандай, ақынның жастарға берген саф алтындай мол мұрасына  кезек берсек.

 Сайысымыздың І кезеңі «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда сайысқа қатысушылар ақынның кез- келген бір өлеңін мәнерлеп оқуы қажет.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (50.1 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club