Ұлы Жібек жолы
Автор: Амина Смайлхан • Октябрь 20, 2026 • Реферат • 1,800 Слов (8 Страниц) • 2 Просмотры
[pic 1][pic 2]Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті[pic 3]
Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: География, жерге орналастыру және кадастр
СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы
Орындаған: Смайлхан Ә. Д.
Тексерген: Болат С.
[pic 4]Алматы 2026
ЖОСПАР
Кіріспе .................................................................................................................... 3
I-БӨЛІМ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ ................................................................................................................... 4
1.1. Ұлы Жібек жолы туралы жалпы түсінік ....................................................... 4
1.2. Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен даму тарихы .................................. 4
1.3. Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары ....................................................... 5
II-БӨЛІМ. ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ТЕҢГЕ АЙНАЛЫМЫ ........................................................................................ 5
2.1. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы қалалары ............................ 5
2.2. Ұлы Жібек жолымен тасымалданған тауарлар ............................................ 6
2.3. Ұлы Жібек жолындағы ақша айналымы ....................................................... 6
III-БӨЛІМ. ҰЛЫ ЖОЛДЫҢ ДІНИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ӘЛСІРЕУ КЕЗЕҢІ ............................................................................................... 6
3.1. Ұлы Жібек жолының мәдениет пен діннің таралуына ықпалы ….............. 6
3.2. Ұлы Жібек жолының саяси және экономикалық маңызы ........................... 7
3.3. Ұлы Жібек жолының әлсіреуі және тарихи мұрасы .................................... 7
Қорытынды ........................................................................................................... 9
Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 10
Кіріспе
Ұлы Жібек жолы — ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Шығыс пен Батысты байланыстырып, әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес қосқан халықаралық сауда жолдарының жүйесі. Ол Қытайдан басталып, Орталық Азия, Қазақстан аумағы, Таяу Шығыс арқылы Еуропаға дейін созылды. Ұлы Жібек жолы б.з.б. II ғасырдан бастап қарқынды дами бастады. Оның атауы Қытайда өндірілген жібектің халықаралық саудадағы маңызымен байланысты.
Ұлы Жібек жолы тек сауда-саттықтың ғана емес, сонымен қатар мәдениет, ғылым, дін және технологиялардың таралуына ықпал еткен маңызды тарихи құбылыс болды. Оның бойында көптеген қалалар қалыптасып, қолөнер, ақша айналымы және қала мәдениеті дамыды. Қазақстан аумағындағы Тараз, Отырар, Сайрам және Баласағұн сияқты қалалар халықаралық сауда мен мәдени байланыстың маңызды орталықтарына айналды.
I-БӨЛІМ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ
1.1. Ұлы Жібек жолы туралы жалпы түсінік
Ұлы Жібек жолы — Шығыс пен Батысты байланыстырып, халықаралық сауда мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан ежелгі керуен жолдарының жүйесі. Ол Қытайдан басталып, Орталық Азия, Қазақстан аумағы, Таяу Шығыс арқылы Еуропаға дейін созылған. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы б.з.б. II ғасырда, әсіресе Қытай елшісі Чжан Цяньнің батысқа сапарларынан кейін, қарқынды дами бастады. Бұл жол бірнеше ғасыр бойы Еуразия халықтарының экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының дамуына ықпал етті.
Жолдың «Ұлы Жібек жолы» деп аталуының себебі — Қытайдан шығарылатын жібектің халықаралық саудада ерекше бағалануы. Алайда бұл жолмен тек жібек емес, көптеген басқа тауарлар да тасымалданған. Ұлы Жібек жолының басты ерекшелігі — оның тек сауда жолы ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер мен өркениеттерді байланыстыратын маңызды қатынас жүйесі болғандығы.
1.2. Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен даму тарихы
[pic 5]
1– сурет. Ұлы Жібек Жолының тармағы
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды.
...