Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы
Автор: Sabina0006 • Октябрь 24, 2024 • Реферат • 2,860 Слов (12 Страниц) • 31 Просмотры
ALIKHAN BOKEIHAN UNIVERSITY
Гуманитарный факультет
[pic 1]
СӨЖ №2.
РЕФЕРАТ
Тақырып: Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы.
Орындаған:Аманкелді Сабина АЯ-403
Тексерген: Бакытжанова Анар
2024-2025 ж
Бала психологиясы - бұл баланың психологиялық дамуы мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бала психологиясының негізгі мақсаты - балалардың эмоционалдық, когнитивтік және әлеуметтік даму процесстерін түсіну және қолдау. Бұл саланың мамандары бала тәрбиесі мен оқыту барысында кездесетін психологиялық мәселелерді зерттеп, оларды шешуде ата-аналарға, мұғалімдерге және тәрбиешілерге көмек көрсетеді.Баланың психологиялық даму кезеңдері әртүрлі және күрделі. Нәрестелік кезеңде балалардың сенсорлық және моторлық дамуында үлкен өзгерістер байқалады. Бұл кезеңде балалар әлемді сезім мүшелері арқылы таниды және негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеруден бастайды. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың тілдік және когнитивті дағдылары қарқынды дамиды, ойын арқылы қоршаған ортаға бейімделу мүмкіндіктері кеңейеді.Мектеп жасындағы балаларда академиялық дағдылардың дамуы, қарым-қатынас дағдыларының жетілуі және өзіндік сана сезімінің артуы орын алады. Осы кезеңде балалардың оқу процесінде және әлеуметтік ортамен қарым-қатынасында түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Психологиялық қолдау осы қиындықтарды жеңуге және баланың әлеуетін ашуда маңызды рөл атқарады.Бала психологиясы ата-аналар мен педагогтар үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады. Бұл ғылым баланың эмоцияларын, мінез-құлқын және ойлау қабілеттерін тереңірек түсінуге көмектеседі, сондай-ақ олардың өсуі мен дамуына қолдау көрсетудің тиімді әдістерін ұсынады.Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз". Баланы іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті — күрделі процесс екендігі, оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы, әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екндігі, ол жеке мақсатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді
I
түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Бала психологиясы —жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Бала психологиясының дамуы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Пси Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді.
...