Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениет аралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Автор: Gulmira_2006 • Декабрь 16, 2024 • Эссе • 453 Слов (2 Страниц) • 10 Просмотры
БӨЖ 3
Эссе «Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениет аралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері»
Ұлы Жібек жолы – әлем тарихында маңызды орын алатын көне сауда жолдарының бірі. Бұл жол ғасырлар бойы Еуропа мен Азияның көптеген халықтары арасындағы сауданы ғана емес, сонымен қатар мәдени алмасуды, діни және ғылыми идеяларды таратуға да мүмкіндік берді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан әртүрлі халықтардың мәдениеттері бір-біріне үлкен әсер етті. Олар тек саудамен шектеліп қалмай, өзара мәдени байланыстарды орнатып, өнер, ғылым, әдебиет және дін салаларында да ортақ құндылықтарды қалыптастырды.Жібек жолының ең маңызды ерекшелігі оның кең аумақты қамтып, түрлі өркениеттерді байланыстыруында болды. Қытайдан бастап, Үндістан, Парсы, Араб және Еуропа елдеріне дейінгі халықтар арасында сауда ғана емес, өнер мен мәдениет, дін мен философияның таралуына ықпал етті. Қытайдан шыққан жібек, түрлі тауарлар мен дәмдеуіштер тек материалдық құндылықтар ғана емес, олар мәдениетаралық диалогты жүзеге асыруға жол ашты. Осы арқылы әртүрлі халықтар өздерінің мәдени жетістіктерін бөлісіп, бір-бірінен үйренді.
Ұлы Жібек жолына тарихи тұрғыдан қарар болсақ, бұл жолдың негізгі бағыттары арқылы адамзат өркениетінің даму барысында қол жеткізген табыстарының озық үлгілері, материалдық және рухани құндылықтары (жібек, бағалы тастар, дәмдеуіштер, тері, жүн және басқа да тоқыма өнімдері, қағаз, фарфор ыдыстар, әйнек, шай, шарап, күріш, өсімдік және жеміс тұқымдары, киім, маталар мен әшекей бұйымдары, косметика, қару-жарақ, кітап, қолжазбалар мен діни рәміздер, ою-өрнектер, шаруашылыққа қажетті барлық құралдар, жабдықтар мен үй жиһаздары, аңшы иттер, аңшы құстар (бүркіттер), тоты құстар, барыс, арыстан, тіпті адамдар мен құлдар) тасымалданғанын көруге болады. Бұл жолдың бойындағы керуен сарайлар, сауда жүргізілген қалалар, алынып-сатылған тауарлар, қолданыстағы ақшалар, қарым-қатынас тілдері, сауда жолдарын бақылауында ұстаған мемлекеттер мен империялар өзгеріп, жаңаларымен алмасып отырған. Бірақ сауда-айырбас мәдениетінің «алтын қағидасы» өзгеріссіз қалды. Адамдар мен мемлекеттер тарихтың барлық кезеңінде екі жақты байланыстардың кең көлемдегі жоғары деңгейіне көтерілуге, бір-бірін тереңірек тануға, озық материалдық және рухани игіліктерін бір-бірімен бөлісуге, нәтижесінде, өндіруші және тұтынушы мәдениеттің тиімді технологияларын иемденуге тырысып отырды. Бұлардың барлығы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырған басты қозғаушы күш болды. Осылайша, қазіргі әлемде жаһандық өркениет қол жеткізген ең басты әмбебап жетістіктердің түп-тамырында Ұлы Жібек жолының мәдениеті жатыр.
...