Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сауда тарихы. Ұлы Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі

Автор:   •  Апрель 8, 2022  •  Реферат  •  1,303 Слов (6 Страниц)  •  1,389 Просмотры

Страница 1 из 6

Күні: 23.10.2020
Курс: 1     Топ: П9-20

Сабақ тақырыбы: Сауда тарихы. Ұлы Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі
Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу, таралу тарихына шолу жасай келе, Ұлы Жібек жолының тармақтары, Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері, Жібек жолы арқылы тасылған негізгі тауарлар, керуен жолының мәдениет пен діннің, сауданың, қалалардың дамуына қосқан үлесі мен әлеуметтік-экономикалық маңызын ашу. Керуен жолының Қызылқоға өңіріндегі табылған тармағымен жергілікті тарихи деректермен оқушыларды таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Алған білімін орынды қолдана алады.

Өлке тарихына қатысты оқиғаларды өз бетімен іздей біледі.

Картамен Ұлы Жібек жолының тармақтарын талдай алады.

Шығармашылық дағдылары қалыптасады.

Жетістік критерийі (оқушы):

1.Ұлы Жібек жолының тармақтарын білемін

2.Сызба-кестелер құра аламын

3.Өлке тарихына қатысты қосымша мақалалар, еңбектерді өз бетімен жұмыстар жасау арқылы талдай аламын.

Сілтеме:

1..С.Смағұлов «Қазақстан тарихы»

2.Ғ.Базарбеков «Қазақстан тарихы» Талапкерге-2008 жыл.

Дереккөздер:

1.Ғаламтор материалдары

2.«Сағыз өзеніндегі Таскешу керуен сарайы мен көпірі» А.К.Ахмет, М.С.Қасенов «Мұнайлы астана» газеті, 2008 жыл.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ қою, оқушы пікірлерін тыңдау, тарихи сынақхат, кестелерді толтыру, қосымша деректерді талдау.

Көрнекілігі: 1.Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл

Пәнаралық байланыс : Өлке тарихы

Кейінгі оқу: §10 Ұлы Жібек жолы маңызды сауда жолы .Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары

Шығармашылық тапсырма: (сөзжұмбақ құру, слайд құру)

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ

4. Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Шығыс даналарының есімдерін атап беріңдер?

2. IX-X ғасырларда өмір сүрген философ, математик, музыкантты атаңыз?

3. Ж. Баласағұнидің 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан еңбегі қалай аталады?

4. Қожа Ахмет Йасауидің тарихи, этнографиялық, әлеуметтік шығармасы қалай аталады?

5. Көне түрік тілінде табылған жәдігерлердің санын ата?

6. «Құт негізі-білік» еңбегі алғаш рет қай тілде жазылған?

7. «Арабша, тәжікше кітаптар көп.Ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп жазылған еңбектің аты?

8. «Ақиқат сыйы» дастаны қанша тараудан, қанша өлеңнен тұрады? Авторы кім?

9. «Ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» атанған дананы атағыз?

10. 22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылып, парсы, араб, грек, үнді, тілдерін меңгерген энциклопедист-ғалымның есімі кім?

«Пікіріңді білдір»

«Бақытты болудың негізі-білім» деген сөзді кім айтқан? Және осы тақырыпқа сәйкес өз ойыңді білдір. (Сынып студенттері өздерінің жас ерекшелігіне сай жауап берді)

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Жібек жолының пайда болу тарихы

2.Жібек жолының бағыттары

3.Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері

4.Тауар тасымалы

5. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар

6. Мәдениет пен діннің таралуы.

7. Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы

8. Қызылқоға өңіріндегі «Таскешу» керуен-сарайының тарихы

Жаңа ақпарат (АКТ арқылы слайдтармен түсіндірілді)

Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған.

Ұлы Жібек жолы
I.Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауhар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Кұндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.
II. Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғалымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті.
III. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Сырдария, Талас, Шу, Іле арқылы Қытайға ұласқан, Жолдың ендігі бір бөлігі «Яқсарт», «Сейхун» деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалап, ары қарай Қара теңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты. Жібек жолы Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жалғасты. Осы жолдардың бойында Испиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген эсері мол.

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (104 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club