Ұлы Жібек жолы – 4000 жылда маңызын жоғалтпаған бизнес жолы
Автор: aknura0202 • Март 8, 2022 • Реферат • 1,353 Слов (6 Страниц) • 578 Просмотры
[pic 1]
Тақырыбы:
«Ұлы Жібек жолы – 4000 жылда маңызын жоғалтпаған бизнес жолы»
Орындаған:
Қойшыбай Ақжан
Тексерген: Абдулина Гулнар Абдулинқызы
Алматы, 2022
- Жаңартылған Жібек жолы бұл, Сіздің ойыңызша - Саяси тарихи жоба ма ? - Жаңартылған саяси бағдарлама ма? - Саясатқа қатысы жоқ, экономикалық мақсатты көздеген даңғыл жол ма? Неге? Таңдаған жауабыңызды негіздеңіз.
Жаңартылған Жібек жолы – бір кездері Қытай мен Еуропаның жалғыз кездесу нүктесі болған ежелгі Жібек жолынан туындаған геосаяси және экономикалық бастама болып табылады.Сонымен қатар, Жібек жолының тарихи және мәдени жағынан маңызы зор екендігі баршамызға белгілі.Қазіргі таңда мен үшін Жібек жолы Жаңартылған саяси бағдарлама. Себебі, бір ғана Жібек жолымен бір ғана мемлекеттің тауары өтпейді.Оған кез келген мемлекет қатыса алады. Сәйкесінше әр мемлекет бұл қызметті өз мүддесіне асыра алады. Соның арқасында Қытай жібек матасын, жеміс-жидектерді басқа елдер арқылы таныстық. Мәселен,экономикалық тұрғыдан, әлемнің бұрын шалғай бөліктерінде сұранысы жоғары өнімдері бар елдердің экономикасы қазір айтарлықтай жақсаруда, өйткені айырбас желілері ұсыныстың сұранысқа жетуіне мүмкіндік берді. Енді елдер өз тауарларынан пайда таба алады.Әрине, экономикалық мақсатты көздеген даңғыл жол етіп те қарастыра аламыз. Алайда, бүгінгі күні саясаттың ықпалы жоқ ешбір жерді айта алмаймыз. Мысалы, саяси тұрғыда ,кейбір саудагерлер сұранысқа ұсыныс арқылы қол жеткізу мүмкіндігінің арқасында байыды. Енді шаруалар жібек, тоқыма, фарфор және т.б. арқылы бай бола алады.Осындай өте көп мысалдарды айта отырып, жібек жолы саяси тарихи бағдарлама екенін әрі экономиканың дамуының айшықты көрінісі екендігін байқаймыз.
2) «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының мақсаты не? Си Цзиньпин ұсынған 5 принцип қандай?
«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының басты мақсаты Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту, мемлекет арасындағы халықаралық қатынастарды нығайта отырып, экономика саласына жаңа серпін беру және Жібек жолы бойы елдерінің әрекеттерінің жоспары мен стандарттарын бір жүйеге келтіру. Осы тұрғыда Си Цзиньпиннің ұсынған 5 принциптері:
1) Саяси серіктестік
2)Бірыңғай теміржол желісі
3)Сауда байланысын нығайту
4)Конвенция аралық ынтымақтастық
5)Валюта бағамы
Осы принциптер негізінен жобаның жетістектерін қортындалап, бұдан кейінгі іс-шараларды жоспарлау арқылы, заманауи Жібек жолын жасауды жалғастыру тетігін өзара жан-жақты кеңесу үстінде.
3) Қытай капиталы бар жобалардың жалпы құны қандай және көп құйылған сала мен елдер қандай?
Қытай капиталы 160 қа жуық жобаны жүзеге асырды және жалпы құны 80 млрд АҚШ долларын құрайтын қаржы жұмсалынды. 80 млрд доллардың 65%-ы, яғни, 55 млрд доллар Қазақстан және Ресей елдеріне тиесілі. 20%-ы Қырғызстан, Түркіменстан,Тәжікстан секілді туыстас көрші мемлекеттерге бөлінді және 15%-ы ,яғни 11,5 млрд доллар Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларуссия мемлекеттеріне инвестиция құйылды. Ал, Қытай капиталы құйылған сала – энергетика саласы. Оның үлесі -54%.Яғни, жобаның басым бөлігі энергетика саласына, одан бөлек металл, химия өнеркәсібінде бейжай қалдырмады.Құрылыс пен инфрақұрылым саласында да өзара жобалар құрылды.
4)Ұлы Жібек Жолындағы сауда қарым-қатынастары тұрақты валютаға негізделуі керек дейді сарапшылар. Бұл валюта Қытай валютасы-юань болуы мүмкін бе? Неге?
Экономикалық тұрғыдан барлық мемлекеттерде бір валюта болуы, тұрақты сауданы білдіреді. Бірақ, Ұлы Жібек жолындағы сауда қарым-қатынасындағы тұрақты валюта Юань болуы мүмкін. Өйткені, біріншіден, көптеген мемлекеттер доллардан мезі болуы мүмкін. Екіншіден, сарапшылар долларды қолдану арқылы АҚШ өзінің қитұрқы саясатын іске асыруы мүмкін деседі. Үшіншіден, Қытай Юаньы арзан әрі тұрақты валюта. Қытай Ұлттық Банкі оның тұрақтылығын әзірге жақсы ұстап тұр. Ең бастысы доллардан өзге валютаны Орталық Азия мемлекеттері қолдауға дайын тұр. Бұл саяси жоба ма жоқ па ешкім нақты дөп басып айта алмайды. Бұл жөнінде сарапшылардың да ойы екіге қақ жарылып тұр. Алайда, Қытайдың бұл жағдайды өз пайдасына асыратыны барлығына мәлім дүние.
...