Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері

Автор:   •  Ноябрь 23, 2018  •  Реферат  •  12,031 Слов (49 Страниц)  •  1,064 Просмотры

Страница 1 из 49

Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық, үкім, есеп» сөздерін ұамтиды. Ал діннің термин ретіндегі мағынасы «Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықтарды, ақиретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жаннаттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді» деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлық арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері.  

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.

Ислам діні адамзат тарихының бастапқы кезеңінен бері Ұлы Аллаһ тарапынан жіберілген иләһи діндердің ең кәмілі және соңғысы болып табылады. Ислам діні Алла тарапынан жіберілген ең таза әрі хақ дін. Бұл дін Аллаһ тең қып жаратқан барша адам баласына бағытталған. Бүкіл адамзаттың жан мен тін тұрғысынан кемелденіп, рахат ғұмыр кешіп, дүние мен ақырет өмірінде бақытқа жетуін мақсат етеді. Сондықтан ислам діні адамның жеке және қоғамдық өмірін реттейтін негізгі қағидаларды белгілеп, ақырет өміріне дайындалуына мүмкіндік береді. Аллаһ пен адам арасындағы байланыс осы негізінде құралады. Шынайы мұсылман болудың да өзіндік шарттары бар. Шынайы мұсылманның бойынан табылатын қасиетте: күпірлік пен ширк келтіру дертінен бойын аулақ ұстап, дін бұйырған және тиым салған нәрселерге бойсұнып, иман негіздерін өмірде іске асыра білу [1].

Ислам діні тарихи деректерде Арабиядағы Меккеде пайда болған. Әрі исламның ошағына айналған мекен. Мекке қаласы ерте кезден-ақ діни орталық болып саналған. Әртүрлі ағаштан жасалған пұттарға табыну дәстүрі ислам діні келгенше өрістеген. Тіпті, ислам дінінің келуі мерзімінде жанданып тұрған кезі болған. Алайда, қала тұрғындары ислам діні келіп ел арасында дами бастаған соң, пұтқа табынушылықты бәсеңдетті. Меккенің орналасқан жері қуаң әріі сортаң жер болғандықтан жаңбыр да жиі жауа бермейтін. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы артқа кетіп, халық арасында жоқшылық, кедейшілік тараған заманда пұтқа табыну арқылы жақсы жағдай жасалады деп санаған. Сол өңірдің байлары жсанды құдайларын орталықтарға шығарып, осыдан тілеңдер, осыған ақша тастаңдар, сонда, ғана сіздің бергенінің еселеніп қайтады деп халықты алдап-арбап өз күндерін көрген болатын.  Дәл  осы кезеңде Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханифизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бостандық о дүниеде ғана, бұл дүниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады [2].

Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғышарты болды. Ислам дінінің таралуына үлкен үлесін қосқан Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед болды. Алғашқы уағызын ол 610 жылдан бастады. Мұхаммедке пайғамбарлық түскен кезден бастап оны жақтаушылар да даттаушылар да табылған болатын. Оның пайғамбарлығын мойындамай түрлі қорлық көрсетіп, жолына кесе көлденең түсуге құмарлар саны көбейді. Мұхаммедтің Пайғамбар екендігін Мекке тұрғындарының  мойындамауының себебі оның байлық пен билік деген екі жолдасының болмауында еді. Ел арасында «неге жағдайы жақсы, билігі бар адамды Пайғамбарллыққа сайламады екен?» деген арам пиғылдылардың қаңқу сөздері тарап кетті. Мұхаммедтің дін уағыздау тобы 622 жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.

...

Скачать:   txt (166.3 Kb)   pdf (503 Kb)   docx (347.5 Kb)  
Продолжить читать еще 48 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club