Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ажырасуға себепші факторлар және оның салдары мен шешу жолдары

Автор:   •  Март 3, 2020  •  Реферат  •  656 Слов (3 Страниц)  •  946 Просмотры

Страница 1 из 3

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім: Ажырасуға себепші факторлар және оның салдары мен шешу жолдары
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер

Әлеуметтік қиял бағыты,қоғам мәселесі: Ажырасу

Қоғамдағы әр түрлі мәселелер елдің саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуына кедергі болатын мәселелердің бірі. Сол мәселелердің ішіндегі ең ахуалға ие болып отырған – ажырасу мәселесі. Статистикаға сүйенер болсақ ажырасу деңгейі тек Қазақстан бойынша ғана емес әлем бойынша да жылдан жылға артып келе жатқанын көрсеткен. Осы тұрғыда әлеуметтік түрлі институттар мен қоғамдық арнайы топтар жұмыс жасап, ажырасу деңгейінің артуына байланысты дабыл қағып, нәтижелі жұмыстарды атқаруға тырысуда. Бұқаралық Ақпарат Құралдары берген мәліметке сенер болсақ, соңғы жарты ғасырда үйлену деңгейі 2 есеге азайған және ажырасу деңгейі 2,5 есеге артқан [1].

Ажырасу мәселесі бүгінгі қоғамның жазылмас дертіне айналып үлгерді. Сонымен қатар, осы тұрғыда азаматтық неке секілді ресми емес келісімге отыратын қосылу түрлері бүгінде көбейіп, некесіз туылған балдардың артуына себепші болып отыр. Қазақстандағы көрсеткішке сүйенер болсақ, соңғы 10 жылда 1,5 миллионға жуық жұп АХАЖ бөлімінің тіркеуіне тұрып, неке құрған болса, әрбір үшінші жұп сәтсіз неке құрғанын көрсетті деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігі [2]. Ажырасу деңгейінің жылдан жылға артып жатқанын мына статистикадан байқауға болады: 2007 жылы ажырасқандар саны 36000-ға жуық болса 2017 жылы 54000-ға жуық ажырасулар тіркелген, яғни соңғы 10 жылда ажырасу деңгейі 33% -ға артқан. Қазақстанда ең көп ажырасу көрсеткіші Қарағанды облысында тіркелсе, ең аз көрсеткіш Қазақстанның батыс аймағында тіркелген. Комитеттің берген ақпараты бойынша ажырасуға баратын адамдардың басым көпшілігі бұл шешімді өзінің 30-34 жас аралығында қабылдайтыны анықталған және басым көпшілігі тек 5-6 жыл тұрмыс құрып өз шешімінің күшін жойғандар.

Жоғарыда көрсетілген сандық статистикаға деген көзқарасымды білдірер болсам ажырасу тұрғысынан жыныстың екі тарапынан да пайда болатын қателіктер себепші болады. Асығыс шешім қабылдау себебінен 2018 жылы 16000-ға жуық жұп ажырасса зардап тартушы балалар саны 19000-ды құрайды. Бұл тұрғыда жіберілетін басты қателік кінәсіз сәбилердің жетім қалуы. Осындай қателіктер кесірінен қоғамды хаостық қозғалыстар басталып, өлім-жітім, қылмыс деңгейі секілді түрлі мәселелердің туындауына себепші болады. Сонымен қатар, ажырасулар себебінен Қазақстанның дамыған 50 ел қатарына кіруге себепші болатын адам даму индексі статусы төмендеп, тек тежеуші фактор ретінде қалыптасатын болады. Ажырасу деңгейі бойынша Қазақстан алғашқы 15 ел қатарына кіретінін жасыра алмаймыз. Бұл өз кезегінде қоғам дамуына кедергі болып, әлеуметтік мәселелерді көбейтері сөзсіз . Осы тұрғыда тағы бір айта кететін жайт еліміздің жаңа бір дертіне айналып келе жатқан неке санының 2 есеге дейін күрт азаюы. Бұл мәселеге себепші факторлар ретінде қазіргі кезде еркек және әйелдердің карьера мәселесін отбасы мәселесінде биік қоюы себебінен неке құру деңгейі азайып кеткен. Қазіргі кезде орташа үйлену жасы осы себептен 26-27 жасқа жетіп отыр. Жоғарыда аталып өткен мәселелер себебінен елде және қоғамда демографиялық мәселелер туындайды, яғни адам санынының өсуі азайып, туу саны азайып, өлім саны көбеюіне себепші болады.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (83 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club