Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

Автор:   •  Апрель 25, 2022  •  Реферат  •  532 Слов (3 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға баягыдан тән десек болады. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.

Қазіргі кездеги Қазақстан Парламенті алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясынын негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.

Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең дарежеде жане сайлау құқығынын негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.

Ол уақытта депутаттар корпусын құру Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілген болатын.ал жанагы Депутаттыққа кандидаттар таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық,катысушынын жасы және басқа да квоталар бойынша іріктелип тандалган болатын. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары чиновниктери, партия, кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызметине, лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын болган.

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі жүргизилип жаткан мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. сондай ак, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіп, оларды кейін бекітуге ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және баска де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (42.2 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club