Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ хандығы

Автор:   •  Октябрь 8, 2022  •  Реферат  •  849 Слов (4 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 4

                Әр  мемлекеттің  даму тарихы көптеген  сатыларға бөлінеді , сол сияқты қазақ жерінде ата заманнан көптеген  тайпалар мен  мемлекеттер өмір сүрген . Әлі күнге дейі өмір сүріп жатыр .  Сол кездегі мемлекеттер мен тайпалар қазіргі Қазақстанға көптеген пайдасын тигізген. Бұрынғы дәуірден қалыптасқан  дәстүрлер  мен олардың  менталитеттер қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға дейін сақталынып , саналы ұрпақ тәрбиелеуде үлкен рөл атқарылып жатыр . Қазақ жеріндегі өмір сүрген  тайпалар  мен  мемлеккеттерге тоқталсақ ,  олардың ең алғашқыларының бірі ол б.з.б ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысы- І мыңжылдықтың бас кезеңінде өмір сүрген Арийлер мен Турлар болып саналады . Алайда  Қазақ мемлекетінің эволюциясында тарихы алтын   әріппен жазылған , біздің санамызға  сіңіп қалған  тайпа Сақтар болып табылады .  Сақтар  ол - қазақ жерінде  өмір сүрген ежелгі тайпа. Олар Солтүстік Үндістан, Ауғаныстан,  Орталық Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткенін білеміз . Сонымен қатар ,  сақтардың  тарихында Томирис патшайымның алатын орны ерекше . Томирис патшайым ақылы мен айласы , батырлығы арқасында парсы әскерін жеңгенін тарихтан өшпестей із қалдырып кеткен болатын .  Жазба деректерде сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінген . Сақтардың Қазақ жерінде өмір сүрген кейінгі тайпаларға әртүрлі соғыс тайпаларын қалдарып кеткен. Сақтарды Қазақ эволюция тарихындағы алғашқы сатыларының бірі ретінде айта аламын . Қазақ эволюциясының тарихында ары қарай жалғастырған көптеген қағанаттар, хандықтар болған . Жау жоқ деме , жер астында дегендей  қазақ жеріне көзі түскен мемлекеттер, хандықтар болған .

               Қазақ мемлекетінің эволюциясынығ дамуына ары қарай үлкен үлес қосқан Қазақ хандығы . Бұл хандықты 1465 жылы  Керей мен Жәнібек хандар  құрған .  Керей мен Жәнібек хандар құрған хандық көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі бола бастады .  Қазақ хандығы біртұтас, 1465жылы Керей мен Жәнібек хандарынан бастау алып , 1847 жылы соңғы хан  Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп , тарихта өшпестей  мәңгіге өз еншісін алған  . Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып , қалалық сауда-саттықтар жанданып , Тәуке хан құрып кеткен  «Жеті Жарғы» деп  аталатын дала заңы бекітілді. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілес хандықтарға мойындатқан  Орталық Азиядағы ірі хандықтардың  біріне айналды . Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелігін айта кететін болсам , елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін тануына ,  басқа халықтармен  қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттымыздағы ұйысудың  тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне ықпал жасады .  ОсылайшаҚазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Қазақ хандығының тарихындағы  маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі – хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесстің дамуына  жетіп, ұлттық сипатқа ие болған . Қазақ халқының қалыптасуы осы  бір кезеңде жүзеге асқан.  Қазақ хандығының құрылуын, мемлекеттіліктің дамуында  жалпылама тұрғысынан Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ  , ғұн, үйсін, қаңлы болса ,  ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейін Алтын Орда және Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты. Олардың атаулары әртүрлі болғанымен оларға ортақ нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы болған .  Бұлардың атауы бұрын билеуші әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атпен аталған болатын .  ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де – қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда, тарихтағы болып жатқан үдерісте ол жүзеге аспай қалады . Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, олар орталықтың бақылауында болғанымен , ұлттық мүддедені ысырып тастап , орталықтыққа қарай саясат жүргізіліп отырған .  Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты қағида бірте-бірте қалыптаса бастады. Тіпті, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Ресейдің орталық мерзімді басылымдарында «Қазақстан Республикасы ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені, тарихта қазақтардың өз мемлекеті болмаған, оларға мемлекеттілік идеясы жат деген  ойлардың өзі көпке белгілі. Мұндай пікірлер әлі де толық өшпей жатыр . Сондықтан, осындай ойлардың тосқауыл  болуына тек тарихшыларымыз жүргізген нақты , әрі объективті  зерттеулер ғана қарсы тұрып , бұндай жат ойлардың бірте -  бірте өшуіне септігін тигізеді деген ойдамын .

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (85.5 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club