Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағының кеңеюі ( XVI ғасыр )
Автор: 070808 • Октябрь 16, 2024 • Реферат • 1,533 Слов (7 Страниц) • 30 Просмотры
[pic 1]Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Пәні: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 1-топ
Тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағының кеңеюі ( XVI ғасыр )
Орындаған: Абубакир Aқерке
Қабылдаған: Жабаев Ермахан
Астана, 2024 жыл
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………3
- Қасым хан…………………………………………………………....4
1.1 Қасым ханның билік басына келуі…………………………………………………………………..….5
1.2 Қасым ханның жүргізген сыртқы және ішкі саясат…………………………………………………………………….6
1.3 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының аумағы…………………………………..…………………………….....7
1.4 Қасым ханның қасқа жолы………………………………………...8
1.5 Қорытынды…………………………………………………………..9
1. Қасым хан
Қасым хан-қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Қасымның әкесі Жәнібек ханның кім болғандығы көпке мәлім. Қазақ хандығының негізін қалаушы және Керей ханнан кейін қазақта хан болған. Билік құрған жылдары шамамен 1460-шы жылдар соңы мен 1470-ші жылдар басы. Жоғарыдағы қысқаша шолудан байқағанымыздай, атақты Қасым хан жай ғана ІІІыңғыс ұрпағы емес. Ата-бабасынан қалған дәстүр, тектілік оның бойынан да табылады. Ол тек қана хандық әулеттің жолын жалғастырушы емес, сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық жағдайларға сай хандық билікті, мемлекеттілікті дамытушы қайраткер. «Тарихи Рашиди» атты еңбекте Қасым ханның қай жылы дүниеге келгендігін анықтайтын мәлімет бар. Онда автор 1513 жылы шағатайлық Сұлтан Сайд ханның Шу бойындағы Қасым хан Ордасына келгені жөнінде жаза келіп, «бұл кезде Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындап қалған болатын», — деп баяндайды. Осыған сүйене отырып, 1513 жылы Қасым ханның жасы 67-68-дерде десек, онда ол 1445-46 жылдарда дүниеге келген болады. Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының зерттеушісі Т. И. Султанов Қасым ханды 1445 жылы шамасында дүниеге келген деп есептейді. Қасым ханның өміріне байланысты деректер 1470-ші жылдарға дейін ешбір еңбекте кездеспейді. Оның себебі түсінікті де. Қазақ хандығы құрылғаннан 1470-ші жылдар басына дейін мемлекеттегі ірі саяси тұлғалар Керей мен Жәнібек хандар болды. Алғаш рет жазба деректе Бұрындық хан 1469/70 жылғы оқиғаға байланысты кездеседі. Өйткені бұл кезде оның әкесі Керей қайтыс болған еді. Сол сияқты Қасым да алғаш рет жазба дерек мәліметтерінде Жәнібек қайтыс болғаннан кейін, яғни 1470-ші жылдар басынан бастап айтыла бастайды. Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде. Шығыс жазба деректеріндегі мәліметтер әртүрлі жылдарды айтады. Дулати мен Хайдар Рази 1518/19 жыл десе, Гафари және басқалар 1523/24 жылды көрсетеді. Қазіргі кездегі оқулықтар мен кейбір зерттеу еңбектерінде ұлы тұлғаның қайтыс болған жылын 1518-23 жылдар аралығындағы кез-келген жылды көрсетуде. Қайтыс болған жылды анықтауда орыс деректерін зерттеген тарихшы А. Исиннің материалдары жәрдемдеседі. Қадырғали Жалайыри Қасым хан Сарайшықта жерленген деп жазады.
1.1 Қасым ханның билік басына келуі
Қасым хан 1511 жылы билікке келді деген пікір қалыптасқан. Зерттеушілер Қасымның билікке келуін Бұрындықтың Самарқанға, Мұхаммед Шайбанидің ұлы Мұхаммед Тимур сұлтанға тұрмысқа шыққан қызы Михр-Сұлтан ханымның қолына кетуімен байланыстырған. Бұл – М.Тынышпаевтың жорамалы бойынша 1503 жылы болған оқиға, ал бұл мәселемен арнайы айналысқан Т.Сұлтановтың пікірі бойынша, оқиға 1511 жылдың күзінен ерте болмаған. Алайда Бұрындықтың қызына 1512 жылдың қараша-желтоқсанынан ерте кетуі екіталай. Сенімді деректер «1511 жылдың қазанынан 1512 жылдың қарашасына дейін Самарқанды өзбектер емес, олардың жауы Захир ад-Дин Бабыр билеген» дейді және «Тарих-и Рашиди» мәліметтері 1512 жылдың күзінде Бұрындық хан әлі Сарайшықта болған деген жорамал жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Қасым 1513 жылдан кейін хан болды деп айтуымыз керек, ал бұл деректерге қайшы келеді. Осыны ескере, Қасымның билікке келуін Бұрындықтың Самарқанға кетуімен байланыстырмаған дұрыс деп ойлаймыз. Мырза Хайдардың баяндауынша, Қасым 915 хижра жылының қысында (1509 жылдың қараша – 1510 жылдың ақпан айлары) Қазақ хандығының шынайы билеушісі болған. Оның мәліметі «Хабиб ас-сияр» шығармасының авторы Гияс ад-Дин Хондамирдің (XVI ғ.) хабарламасымен нақтыланады. Бұл белгілі ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Шайбани ханның «915 жылдың соңында (1510 жылдың басында)» болған жорығы туралы жаза келе, Қасым бұл кезеңде «Дешті Қыпшақтың барлық билеушілерінен өжеттілігі мен бағынышты халықтың санымен артық болды» деп жазады.
...