Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ хандығының құрылуы

Автор:   •  Декабрь 6, 2022  •  Эссе  •  1,538 Слов (7 Страниц)  •  408 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1]

Зерттеу эссесі

«Қазақ хандығының құрылуы»

Орындаған: Қасымхан Мадина  

Тексерген: Айнакулов Д.Ж.

Қазақ хандығының құрылуы

XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласындағы түрлі саяси өзгерістер, атап айтқанда Үз-Темір Тайшының бастамасымен күшейіп келе жатқан Ойрат ұлысы мен Дешті Қыпшақтағы Шыңғыс тұқымының тікелей мирасқорлары болып табылатын Көк Орда аталып кеткен Әбілқайыр ұлысы арасындағы толассыз ұрыстар жергілікті тұрғындардың біршама наразылығын тудырды. Шыңғыс Ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарап Шайбан арқылы жалғасқан Әбілқайыр хан бұл өлкеге небәрі 17 жасар бозбала шағында хан болды. Ал оған дейінгі хан болған Барақ ханның ұлы Жәнібек және немере ағасы Керей сұлтандар дәрежесінде Әбілқайырдың қол астында қалған болатын.[1]

1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде ойрат қонтайшысы Үз Темір тайшыдан ойсырай жеңілуі сол аумақтағы халықтың наразылығына әкеп соқтырды. Елдің күннен күнге әлсіреп, күйреу шағында тұрғанын, кеше ғана құрыла бастаған Ойрат ұлысына салық төлеуге мәжбүр болғандығынан ақ байқауға болатын еді. Онымен шектелмей бүкіл Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайыр Шайбаншаһ өзінің 3 жасар немересін аманатқа Ойрат еліне жіберуге мәжбүр болуы ел жағдайының әлсірегенін айқын дәлелдеді. Осы орайда өздеріне тиесілі лауазым мен жауапкершілікті сезіне білген қос сұлтан ел жағдайын жақсартып, кешегі Барақ ханның Ақ Ордасын қайтаруды көздеді. Шайбаншаһтың қарамағында жаңа ел түзу мүмкін еместігін түсінген олар жан-жақтан басқа амал іздей бастады.Ақырында өздеріне сенім артып, Шайбаншаһтың езгісінен құтылуды қалаған ру-тайпаларды өздеріне қосып басқа жақтан ел іргетасын қалауды көздеді. Ендігі жердегі мақсаттары Жетісу өңірі Моғолстан мемлекетінен жер алып, тәуелсіз ел құру болды. Өз соңдарынан 200 мың-ға жуық халықты ертіп, Жетісу өңіріндегі Моғолстанның аумағына келіп 1458 жылы қоныстанды[2]. Сол замандағы Моғол елінің басшысы Есен-Бұға ханмен достық келісімшартына қол қойысты. Есен-Бұға ханның Әбілқайырдан бөлініп келіп отырған, қазақ боламыз, ел боламыз деп отырған тайпаға жаны ашығандықтан құшақ жая қарсы алмағаны белгілі. Оның да өз ойлағаны болды. Яғни Қазақтарды өз пайдасына пайдалануды ойлады. Көршілес күшейіп келе жатқан ойрат елі Әбілқайырдың өзін ойсырата жеңгендіктен сескеніп, шекарасына Қазақ халқын орналастырды. Ел болған соң ханы болуы керек. 1458 жылы Керей ханды ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Ішкі алауыздықтардың салдарынан 1462 жылы Есен Бұға хан қаза тауып, таққа ұлы Дос-Мұхамед келді. Қазақ хандығымен жасасқан келісімді бұзуы жаңадан құрылған елдің алдындағымақсаттарын анықтап берді. Керей хан мен Жәнібек сұлтан өздеріне артылған жауапкершілікті толықтай түсіне отырып, жаңадан құрылған елдің экономикасы мен аумағын күшейтуге көшті. Әбілқайыр хандығындағы бітпейтін соғыстан шаршаған халық Керей мен Жәнібектің қол астына күннен күнге жинала бастады. Моғолстаннан алғашында алған территориялары Батыс Жетісу, Шу өңірі мен Талас өзенінің алабы болатын. Бұрыннан бұл өңірді мекендеген халық пен жаңадан келіп қоныс аударған қазақтар етене араласып, шаруашылықпен бірге айналыса бастады. Халқы көбейген сайын жер аумағын да кеңейту міндетті болғандықтан, сонымен қатар ертеден мал шаруашылығымен айналысатын халыққа жайылым жағы қолайсыз болғандықтан бұл елге жаңа саясат жүргізу керек болды. Сонымен қатар экономикасын да күшейту үшін, сауда саттыққа ыңғайлы бай қалаларды өздеріне қарату керек болды. Олар Сырдарияның бойындағы саудаға әсері мол қалалар болды. Атап айтқанда Сығанақ, Созақ, Отырар, Яссы қалалары. Сонымен бұл жас мемлекеттің міндет мақсаттары келесідей болды:

1: Мал жайылымдарын кеңейтіп, халықты ежелден Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан дәстүрді қайта қалпын келтіру.

2: Батыс пен Шығысты тікелей біріктіруші көпірге айналып жатқан, сауда саттық пен экономикалық жағынан күшті қалаларды, яғни Сыр бойындағы қалаларды өз қарамағына қаратып, экономиканы күшейту. Сыр бойындағы қалалар Дешті Қыпшақтың кез келген билеушісі үшін саяси-экономикалық маңызы зор қалалар болатын, сондықтан бұл қалалар Дешті Қыпшақты билеудің басты шарты болып келген десе де болады.

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (109.9 Kb)   docx (25.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club