Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ хандығының

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Эссе  •  426 Слов (2 Страниц)  •  1,741 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы, яғни Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Тәуелсіздік алғанға дейінгі уақыттарды қамтып айта өтемін.

ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Қазақ хандығы 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің хандықтың туын тіккеніне, 550 жылдығын 2015 жылы дүркіретіп мерейтойды атап өткен болатынбыз. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, бүкіл ел болып үлкен іс-шараны атап өттік. Бұл Қазақстанның өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді деп ойлаймын. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша, Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса,

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (41.2 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club