Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Дала Елі: Қазақ хандығының 550 жылдығы

Автор:   •  Январь 29, 2022  •  Реферат  •  1,551 Слов (7 Страниц)  •  469 Просмотры

Страница 1 из 7
Ұлы Дала Елі: Қазақ хандығының 550 жылдығы

2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтті. 11 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында қонақтарымыз – Қырғызстан, Әзербайжан президенттерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өткіздік. Өз сөзімде қасиетті жеріміздің тарихы бірнеше мыңжылдықтармен есептелетінін, ата-бабаларымыздың атқарған істері мен рухтары алдын- да басымызды иетінімізді жеткіздім. Ол Еуразия өркениетінің бұрынғы және бүгінгі алуан түсті жұлдызды шоғырында өзінің ғажайып өрнегімен көзге шалынады. Хроностың көзге шалынбас арқауы бізді мыңжылдық

тарихпен және заманауи Қытаймен, Таяу және Орта Шығыстың көптеген халықтарының өткенімен және бүгінімен, Азия құрлығының өзге де бөлік- терімен жалғастырады. Тілдік және мәдени байланыстар қазынасы бізді бауырластарымызбен – Солтүстік Мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейін- гі кең-байтақ кеңістікті мекендейтін түркі халықтарымен табыстырады. Ұлы Түркі Елі – бұл біздің ата-бабаларымыз және батырларымыз, ортақ рухани құндылықтарымыз. Бұл біздің бірлескен мұрамыз.

Ресей халықтарымен, соның ішінде, орыс халқымен жүздеген жылдарға созылған тарихи жолымыз бар. Тәуелсіздік жылдарында Еуропалық одақ, Америка, Ислам әлемі мемлекеттерімен ортақ тарихымыздың көптеген па- рақтары жазылды. Олар жаңа кезеңдегі маңызды халықаралық оқиғалар- ды, соның ішінде біздің елде жүзеге асқан айтулы оқиғаларды да баян- дайды. Қазақстан әрдайым достықты ту етіп, біздің көршілеріміздің сенімін нығайтып, әлемнің барлық елдерімен ежелгі тату қарым-қатынасты қалып- тастырады.

Қазақ хандығының құрылуы – мыңжылдықтарға созылған қазақ халқының мемлекеттігін қалыптастыру жолындағы тарихи шешуші оқиға болды.

Мерекеде түрік және қазақ тарихынан көптеген даңқты батырлар тұлға- сын сахнаға шығарған кең панорамалы көріністер ұсынылды. Ұлы ата-ба- баларымыздың Ұлы рухы алдында барлық буын ұрпақтары тағзым етеді, олардың мемлекеттілігімізді сақтап қалу жолында атқарған ерлік істері ешқашан да ұмытылмайды.

Дәл осы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде мен, біздің қасиетті жерімізді ерте замандарда Ұлы дала деп атағанын, ал бізді – Ұлы дала перзенттері дегенін еске түсірдім. Сондықтан да біздің Қазақстан – бұл Ұлы Дала Елі! Өзгерген Ұлы Дала Елі.

Осынау үндескен атауда халықтың мінез-құлқы, оның жан-дүниесінің ашықтығы мен кеңдігі, қонақжайлылығы мен бейбітшіліксүйгіштігі, даналығы мен ойшылдығы, еңбекқорлығы мен өз күшіне сенімділігі таңбала- нып қалғандай. Мен осы бейне әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатынына және бүкіл әлемге танылатынына сенім білдірдім.

Ұлы Дала Елі – ұлттық тарихымыздың мыңжылдықтары мен Тәуелсіздік- тің ұлы жетістіктерін ұштастырып жатыр. 2016 жылы қаңтар айында халық алдында сөйлеген сөзімде қол жеткізген табыстарымызды толық негізде мақтанышпен атадым. Біз көптеген сынақтардан абыроймен өттік, шыңдал- дық, рухымыз бекіді. Біз Ұлы Дала Елі – жаңа Қазақстанды – Ұлы даланың жаңарған Елін құрдық.

2014–2015 жылдардағы экономикалық дағдарыс:  жаңа жаһандық ахуал

Стратегиялық жұмыстардың жоғары дәлдігі белгілі бір уақыт мөлшерін- де біздің экономикалық модельге барлық сыртқы сын-қатерлердің болуы мүмкін әсерін есептеп, сыртқы экономикалық үрдістердің оның дамуына ықпалын ескеріп, анықтауымызға байланысты. Сонымен, 2012 жылғы шілдеде мен алдағы уақытта болуы ықтимал әлемдік дағдарыстың екінші толқыны жағдайында жұмыс істеуіміз мүмкін екеніне болжам жасадым.

2014–2015 жылдары әлемдік экономикадағы жағдай бір мезгілдегі көп- теген факторлардың әсерінен күрт нашарлады. Жаһандық әскери-саяси шиеленістің өсуі бүкіл қалыптасқан әлемдік тәртіпке қауіп төндіре бастады, экономикалық тұрақсыздық бәсекелестіктің артуына, сауда-экономикалық және валюталық қақтығыстарға апарып соқты. Энергетикалық нарық сапа- лық тұрғыда өзгерді: баламалы энергетиканың дамуы және газ бен мұнай өндіру технологиясының өзгеруіне байланысты пайда болған «тақтатас ре- волюциясы» мұнай бағасының төмендеуіне және америкалық мұнай им- портының қысқаруына алып келді. Жаппай терроризм, экстремизм және зорлық-зомбылықты әдіс еткен жаңа жүйесіз күштер бас көтере бастады.

...

Скачать:   txt (21.9 Kb)   pdf (94.2 Kb)   docx (152.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club