Сырт киім ассортимент модельдерінің коллекцияларының суреттемесі 6-7 модельдер
Автор: Zhazira Serikbaeva • Март 19, 2021 • Лабораторная работа • 6,314 Слов (26 Страниц) • 669 Просмотры
АҚ «АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
Факультет Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн
Кафедра Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
TK TOBZh 3301- «Тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау» пәні бойынша
5В072600 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» мамандығы үшін
Курс | 3 |
Семестр | 6 |
Академиялық кредиттер саны | 8 |
Еңбек сыйымдылығы, академиялық сағатпен | 240 |
оның ішінде: | |
дәріс сабақтары | 15 |
тәжірибелік сабақтар | 27 |
зертханалық/студиялық сабақтар | 30 |
ОБӨЖ | 24 |
БӨЖ | 144 |
Оқу форматы (дәстүрлі, аралас, онлайн) | Онлайн |
Қорытынды бақылау түрі (емтихан, курстық жоба, мемлекеттік емтихан) | Емтихан |
Қорытынды бақылауды өткізу түрі (жазбаша, ауызша, аралас, шығармашылық, компьютерлік тестілеу) | Жазбаша |
Алматы, 2021
«Тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау»
пәнінен студентердің зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1-2
Жұмыстың тақырыбы: Сырт киім ассортимент модельдерінің коллекцияларының суреттемесі 6-7 модельдер.
Жұмыстың мақсаты: Сырт киім ассортиментінің жаңа үлгілерін жобалау әдістерін меңгеру
Жұмыстың мазмұны
- Берілген тақырыпқа сәйкес сән журналдарындағы материалдарды оқып үйрену
- Сырт киім ассортиментінің үлгілер суреттемесін орындау. Таңдалған ассортименттің үлгі коллекциясын сызу.
Жұмысқа дайындалуға арналған сұрақтар
- Сырт киім ассортиментіне не жатады?
- Қандай маталардан сырт киімді дайындайды?
- Жиынтық дегеніміз не?
- Жиынтықты құрастырудың негізгі қағидалары қандай?
- Киім формасына сәйкес матаны таңдау ерекшеліктері?
Құрал – жабдықтар: сызғыш, қағаз, журналдар, үлгілер суреттемесі, сантиметрлік таспа.
Әдістемелік нұсқау
Сырт киім – жеңіл киім үстінен денеге жылу беруші үшін киілетін бұйым. Сырт киімге жакеттер, пальтолар, костюмдер, күртешелер, жадағайлар және т.б.
Сырт киім: қысқы және маусымаралық.
Сырт киімнің негізгі топтары:
Классикалық ассортимент – пальто, жартылай пальто, классикалық формадағы жадағайлар
Сырылған күртешелер мен пальтолар
Үлбірлі киімдер – тондар, үлбірлі пальтолар, жартылай пальтолар
Тері бұйымдар – пальто, тренчкоттар, күртешелер
Этникалық стилдегі сырт киімдер – паркалар, почнолар
Трикотаждан сырт киімдер – күртешелер, пальтолар
Сырт киім астармен тігіледі, тек тондарда, жеңіл күртешелерде, ветровкадан, трикотажды бұйымдардан басқасы.
Сырт киімге арналған маталар
- пальтолық (тоқыма мата, драп, букле, түкті шұға, твид, шұға);
- жадағайлы,
- бархат, деним және т.б.
Жұмыс әр студентпен жеке орындалады. Бастапқы ақпарат ретінде суреттеме орындалатын сән журналдарындағы үлгілер болып табылады. Студенттер бір негізде орындалатын 5-6 үлгіден тұратын коллекцияны дайындайды.
Үлгінің жанұясы – бір базалық негізде дайындалынған, түрі мен тағайындалуы бір киім үлгілерінің қатары.
...