Қазақстан Республикасының сыртқы борышының жай
Автор: altynaika.0312 • Март 5, 2018 • Реферат • 809 Слов (4 Страниц) • 924 Просмотры
- Қазақстан Республикасының сыртқы борышының жай-күйі Қазақстан Республикасының сыртқы борышының көлемі 2017 жылғы 1 сәуірде 2017 жылғы 1-тоқсанда 1,1%-ға немесе 1,7 млрд. АҚШ долларға (бұдан әрі – доллар) ұлғайып, 165,5 млрд. долларын құрады. 2017 жылғы бірінші тоқсанда сыртқы борыш негізінен операциялық емес өзгерістердің есебінен 1,7 млрд. долларға, оның ішінде қаржы құралдарының бағамдық және баға ауытқулары (қайта бағалау) есебінен – 622,4 млн. долларға, басқа өзгерістердің есебінен 672,4 млн. долларға ұлғайды.
Бұл ретте Қазақстан эмитенттерінің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының өсуі салдарынан ұлғаюы 285,2 млн. доллар, ал бейрезиденттерден тартылған несиелер мен кредиттер бойынша оң бағамдық айырма 326,1 млн. доллар мөлшерінде қалыптасты. 2017 жылғы бірінші тоқсанда болған басқа да өзгерістер респонденттерді қамтудың ұлғаюына және өткен кезеңдердің ескерілмеген операцияларына байланысты болды. Қазақстанның сыртқы борышының құрылымында өтеу мерзімі бойынша 95,6% ұзақмерзімді (1 жылдан астам) сыртқы борышқа тиесілі, бұл бір жағынан, өтімділік тәуекелдерін азайтады, екінші жағынан – жалпы нарықтық талаптардың өзгеруінің борышты өтеуге және қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді. Қазақстанның сыртқы борышының қаржы құралдарының түрлері бойынша құрылымында бейрезиденттерден тартылған несиелер мен кредиттер (81,4%) және бейрезиденттердің қолындағы борыштық бағалы қағаздар (11,3%) басым (1-диаграмма). 2. Сыртқы борыштың құрылымындағы негізгі өзгерістер 2.1. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышында кеңейтілген ұғымда: - сыртқы мемлекеттік борыш, - банктердің және мемлекеттік басқару және ақша-кредитті реттеу органдары капиталға қатысудың 50%-дан астамын тікелей немесе біреулер арқылы иеленетін немесе оларды басқа тәсілмен бақылайтын ұйымдардың (мемлекет бақылайтын ұйымдар) сыртқы борышы;
- мемлекеттің кепілдіктерімен және кепілдемелерімен қамтамасыз етілген сыртқы борыш қамтылады. 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша осы көрсеткіш 2017 жылғы 1- тоқсанда 714,0 млн. долларға ұлғайып, 36,5 млрд. доллар немесе ЖІӨ-ден 25,9% болды (3-кесте, 10- қосымша). 2017 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік сектордың кеңейтілген ұғымдағы сыртқы борышының ұлғаюына негізінен: - бейрезиденттер тарапынан Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноталарына сұраныстың өсуі (нетто-сатып алу (+)375,5 млн. долл.); - тәуелсіз еурооблигациялардың нарықтық құнының ұлғаюы ((+)94 млн. доллар); - мемлекет бақылайтын ұйымдардың еурооблигацияларын купондық сыйақысын есептеу; - еншілес ұйымдардан алынған қарыздары ((+)163,8 млн. доллар) игерудің жалғасуы, сондай-ақ – оң бағамдық айырма және үлестес емес бейрезиденттерден несиелер мен кредиттер бойынша есептелген және төленбеген сыйақы себепші болды. Бұл өсім China Development Bank Corporation-нен алынған, бірлескен Қазақстан-Қытай және басқа жобаларды қаржыландыруға бағытталған қарызды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың жоспарлы өтеуімен ішінара теңестірілді. 2017 жылғы 1-тоқсандағы мемлекет кепілдік берген сыртқы борыш игерудің толық болмауы және қолданыстағы қарыздарды шамалы өтеудің салдарынан іс жүзінде өзгерген жоқ. 2.2. «Банктер» секторының сыртқы борышы (мемлекет бақылайтын банктерді қоса алғанда) 2017 жылғы 1-тоқсанда 493,2 млн. долларға қысқарып, 2017 жылғы 1 сәуірде 6,7 млрд. долларды немесе ЖІӨ-нің 4,7%-ын құрады.
...