Оқушыларды өнер танушылыққа тәрбиелеп,эстетикалық қабілеттенін шындау
Автор: Nureke • Март 12, 2018 • Реферат • 5,610 Слов (23 Страниц) • 986 Просмотры
Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: бейнелеу өнерінің түрі мүсіндеу жайлы білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бейнелеу өнерінің әдіс - тәсілдерін зерттеп оқыту арқылы дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды өнер танушылыққа тәрбиелеп,эстетикалық қабілеттенін шындау.
Түрі:жаңа білімді меңгеру.
Типі: баяндау,сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тарихпен, технологиямен.
Құрал - жабдықтар: слайд,иллюстрациялық материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп оқу құралдарының тұгелдігін тексеремін.
Сынып оқушылары үш топқа бөлініп отырғызылады. Әр топқа кезекпен, өткен сабақты пысықтау және жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында сұрақтар қойю:
- Бейнелеу өнерінің түрлерін атайық.
- Графиканың мәнерлеуші құралың атаңыздар.
- Ұлттық сәндік - қолданбалы дамытушы кімдер?
- Көрсетілген суретші туындысының кандай жанрға жататынын атаңыз.
- Тарихи жанр мен батальдық жанрдың айырмашылығын атайық.
- Көрсетілген туынды қандай түстік гаммада орандалған?
Жаңа сабақ:
- Балалар, алдарындағы мына топ көзде сұрақтарға жауап беріп, сол жауаптардың бас әріптерін қойып шықсаңыздарсабақтың тақырыбы шығады
М | Ү | С | І | Н |
О | Й | Ә | С | А |
Л | І | У | М | Т |
Ь | Р | Л | Е | Ю |
Б | М | Е | Р | Р |
Е | Е | Т | М | |
Р | О | |||
Т | Р | |||
Т |
- Суретшінің сурет салғанда отыратын құралы.
- Сыныптың тыс сабақ.
- Құрылыс саласымен қатысты өнер түрі.
- Ұлттық киімдерді кім әшекейленеді?
- Жансыз денелерді бейнлейтін өнер түрі.
- Сонымен балалар,біздің жаңа сабағымыз: бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі " МҮСІН" жайлы екенін білдік.
Мүсін (скульптура) деген сөзді ежелгі римдіктер ойластырған. "Скулпо" деген сөз латын тілінде "кесу", "қашау" деген ұғымды білдіреді. Мүсін - адамзат іс - әрекетінің өте көне түрлерінің бірі. Алғашқы қоғам қауымында адамдардың, жануарлардың бейнелері саздан, тастан мүсінделіп, жануарлар сүйегінен ойып жасалғаның сіздер тарих сабағынан да оқығансыздар. Мүсін өнері ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Ежелгі Грекия уақытын "скульптураның алтын ғасыры" деп саналады.
Әлем мойындаған мүсін шеберлерінің бірі итальян мүсіншісі Микеланджило Буонаротти. Оның "Давид" шығармасын бар әлем біледі.
Египет патшайымы "Нефертити" бюсті және Мирон "Дискобол" Ежелгі Грекия мүсіндері көрсетіледі.
Жалпы Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі көркемдік ықпалы мол көне өнер осы мүсін өнері.
Қазақстан жерінде де мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Оған қазақ жеріндегі оба тастар мен балбал тас мүсіндер куә бола алады. Олар Орталық Казақстан мен Жетісу өнерінде көптеп кездеседі.
Бұл тас мүсіндер біздің ата - бабамыздың тарихынан сыр шертіп тұрғандай әсер етеді. Мүсін жасауға сопақ пішінді тастар іріктеліп алынған екен.
Қазіргі заманда біздің Казахстанда көптеген кәсіпкой мүсіншілер өздерінің шебер сомдалған мүсіндерімен еліміздің мәдениетін асқақтатып, оладдың шебер туындылары қалаларымыздың көшелерінің сәнін келтіріп тұр. Қазақтың алғашқы халық мүсіншісі Х. Наурызбаевтың "Абай", "Шоқан", "Жамбыл" ескірткіштерті көпсетіліп, мүсінші жайлы қысқаша таныстырылады.
Мүсіндеу өнері - пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері. Жалпы, мүсін өнерінің екі негізгі түрі бар: дөңгелек мүсін және рельефті мүсін.
...