Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту
Автор: far_i_za • Май 1, 2018 • Курсовая работа • 6,427 Слов (26 Страниц) • 2,515 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Математика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту»
Орындаған:
Жетекші:
Орал, 2018
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастыру
1.1 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу........................6
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқудың тиімділігі...........................8
2.Математика сабағын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту
2.1 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес топтастырып оқыту ..............13
2.2 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай логикалық есептер шығару........21
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі қоғамдағы орын алып жатқан инновациялық процесстер білім беру жүйесіне жаңаша талап, міндеттер қойып отыр. Үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында . елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бұл өзгерістер шығармашылық бастауға ие болып, мұғалімге қойылатын талаптардың өзгеруіне, мұғалімнің өзін – өзі білімдендіруіне мәжбүр етеді. Бүгінгі күннің мұғалімдері өзгерістерге бейімделе отырып, батыл қадам жасай отырып, оқытуда түрлі шешімдер қабылдауға дайын болып, әр нәрсеге икемді, жылдам болуымен қатар, бәсекелестік таныта алуы керек. Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымның тақырыбын «Оқушыларды жас ерекшеліктерін сай оқыту» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: математика пәнін оқыту әдістемесі
Зерттеудің пәні: математика сабақтарында жас ерекшеліктеріне сай оқытудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер математиканы оқыту барысында жас ерекшеліктеріне сай оқыту жүйелеі қолданылып отырса, онда оқушылардың танымдық қабілеті артып, ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, жас ерекшеліктерін сай оқыту оқушыларды жан – жақты дамытып, өз ойын айтуға, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді. Жас ерекшеліктеріне сай оқытуды қолдана отырып, педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады.
Зерттеу мақсаты: Математика сабақтарында жас ерекшеліктеріне сай оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемесінің жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- математика сабақтарында жас ерекшеліктеріне сай оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін анықтау;
- оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми – әдістемелік жүйесін құру;
- математика сабағында жас ерекшеліктеріне сай оқыту арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелдеп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: жас ерекшеліктеріне сай оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға негіз болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту мәселесі оқушылардың танымдық қабілетін негізге ала отырып талданды:
- оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың теориялық негіздері анықталды;
- оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы жас ерекшеліктеріне сай оқытудың педагогикалық шарттарын анықталып, ғылыми – әдістемелік жүйесі құрылды;
- математика сабағында Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелденіп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар берілді.
Зерттеудің әдістері: қарастырылып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
...