Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер

Автор:   •  Июнь 25, 2018  •  Реферат  •  821 Слов (4 Страниц)  •  1,527 Просмотры

Страница 1 из 4

Шешендік сөз – халықтың төл қазынасы, тарихымыздың шежіресі

     «…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен                        ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып                               қолдана білетін тапқырлығымен және                 керемет шешендігімен ерекшеленеді.»

В.В.Радлов

Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер

  1. Негізгі бөлім

Ел аузына қараған ойшылдар

А) шешендік өнердің бастауы

Ә) ұлы дала ұлықтары        

     3. Қорытынды бөлім

        Тәрбие құралы – шешендік сөз                                                        Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, шешендік сөз. Ол ғасырлар бойы сұрыпталып, талай сынға ұшырап бүгінгі күнге дейін жеткен асыл қазынамыз. Шешендік сөз терең ойға , ұтқыр шешім мен тапқыр қисынға құрылады, оның ерешелігі де осында. Сол себепті сирек ұшырасатын қасиетке ие адам табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. Осыған байланысты Бұқар жырау:

...Көш бастау қиын емес –

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес –

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын –

Шешімін таппас дау бар, -                                                                        деп жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнердің қиындығы жайлы айтып кеткен.                        

Шешендік өнер бұрынғы заманда, сонау Ежелгі Грекия мен Римде бастау алған. Дами келе ол көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түріне айналып, баға жетпес мұра болып есептелді. Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады. Көне Римде осындай керемет сөз құдіретіне ие болған адамға халық тәңірдей табынған. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыды. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болды.        

Данышпандығы, алғырлығы мен білімі, дау шешудегі сөз шеберлігіне ие кемеңгер тұлғалар қазақтың жерінде де аз болмаған. Көзі ашық, көкірегі ояу ұлы даламның ұлықтары деп Әйтеке, Қазыбек, Төле би, Бөлтірік шешен, Шортанбай, Дулат, Бұқар сияқты әділет жоқшыларын танимын. Жазуы мен сызуы кеш туған көшпелі елде шешендік сөздер ерекше өнер мектебі болып саналды. Халқымыздың осы шешендік сөз тарихы Майқы билерден басталып, Жиренше шешен, Асан қайғы есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - үш тұғырым, Әйтеке, Қазыбек, Төле бидің  - елінің тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары.  Олар ел ісіне араласып, халық атынан сөйлеуге құқылы еді. Әділін айтқан шешендер мен білімпаз билердің сөздерін өзге елдің зиялылары жоғары бағалаған. Оған дәлел академик В. В. Радловтың: « Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз-екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңғаласың», - деп қазақтардың тапқырлығы мен шешендігін өзіне ерекше әсер еткенін жазғаны.                 

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (53.5 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club