Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемдерді бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық қатынастарына қарай топтастыруы
Автор: 08121960 • Сентябрь 23, 2018 • Реферат • 8,258 Слов (34 Страниц) • 2,826 Просмотры
ҚазақстанРеспубликасы
Білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемдерді бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық қатынастарына қарай топтастыруы
Жоспары
Кіріспе
1 Қазіргі қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің зерттелуі мен жасалу жолдары
- Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің зерттелуі
Негізгі бөлім
- Қазіргі қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді Қ.Есеновтің топтастыруы
2.1 Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемдерді бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық қатынастарына қарай топтастыруы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Синтаксистің басты обьектілерінің бірі - құрмалас сөйлем, әсіресе, оның ішінде сабақтас құрмалас сөйлем. Құрмаласқа енген әрбір жай сөйлемдерді мағыналық қатынастары бар сөйлемдер деп ұғыну керек. Өйткені күрделі ойды білдіру үшін тіркесетін сөйлемдер өзара мағыналық бірлікте болғанда ғана тіркесе алады. Мұның өзі басты фактор болуға тиіс. Әдеттегі жай сөйлемдерге қарағанда, негізгі бір айырмашылығы - осы. Құрмалас сыңарларының дербес жай сөйлемдерден ерекшелігін М.Балақаев былай түсіндіреді: «Құрмалас сөйлем мағыналық және тұлғалық жақтарынан алғанда жалпы алғанда, тұтас бір бүтін болғанымен, ол жеке сөйлемдерден құралады. Алайда сол жеке сөйлемдер құрмаластың қарамағында мағыналық және интонациялық тиянақсыз қалыпқа түседі. Әдеттегі жай сөйлемдерге қарағанда негізгі бір айырмашылығы –осы [1; 2,219].
Құрмалас сөйлемнің компоненті мен әдеттегі дербес жай сөйлемдердің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Тіліміздегі субъект-предикаттық қатынасқа негізделмеген немесе жартылай предикаттық қатынастағы деп танылатын сөйлемдердің бәрі бірдей компонент бола алмайды. Осының бәрі құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты саналады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде қалыптасу, даму жолдарын зерттеу, оның ішінде ғалым Қ.Есеновтің еңбегінің маңыздылығын талдау жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі, сабақтас құрмалас сөйлемдер, сол ғылымдағы ғалым Қ.Есенов еңбектері жұмыстың негізгі арқауы болып табылады.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі, сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрылымдық-мағыналық талдау жасаумен бірге құрмалас сөйлемдердің жасалу механизмдерін ашу, құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолындағы Қ.Есенов еңбектерінің мәнін ашу. Ол үшін төмендегідей мәселелерді шешу міндеті алға қойылды:
- Қазіргі қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің зерттелу деңгейін анықтау;
- Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауға қатысатын тәсілдерді өзара салыстыра отырып, құрмаласу ерекшеліктерін көрсету;
- құрмалас сөйлемнің зерттелуін өзіндік белгілеріне қарай ғалымның сабақтас құрмалас сөйлем туралы көзқарастарын анықтау;
- Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемдерді бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық қатынастарына қарай топтастыруын саралау;
- Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік бірліктерін тең дәрежеде мағыналық қатынасына қарай топтастыруын зерделеу.
Зерттеу жұмысының әдістері. Баяндамада
негізінен құрылымдық талдау әдістері, тарихи-салыстырмалы, синхронды және диахронды, сипаттау, жүйелеу, баяндау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қажетті тілдік деректер мен мәліметтер Қ.Есеновтің «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (Алматы, 1995), «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» (Алматы, 1982), «Синтаксис осложненного предложения в казахском языке» (Алматы, 1992) деген ғылыми еңбектерінен алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында ғалымдардың ғылыми мақалалары мен зерттеулері теориялық-әдіснамалық негіз ретінде басшылыққа алынды. Құрмалас сөйлем синтаксисінің теориясы міндетті түрде ғалымдардың ғылыми көзқарастарын саралаумен ажыратылады. Осы себепті де осындай жұмыстар құрмалас сөйлем синтаксисінің теориясына қосар үлесі мол, ал тілдік деректері практикалық мәнін толықтырады.
...