Бейнелеу өнері сабағындағы эстетикалық тәрбиенің рөлі
Автор: Zhanarka • Январь 15, 2021 • Курсовая работа • 4,899 Слов (20 Страниц) • 547 Просмотры
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................................................................................................3
І ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен міндеттері....................................6
1.2 Бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру мәселелері мен эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері........................................11
ІІ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бейнелеу өнері пәні бойынша балаларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары.....................................................................................................................15
2.2.Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі мен тәжірибесі......................................20
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................27
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамымыздың әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени жағынан қарыштап дамуы – білім беру жүйесіне қойылатын талапты түбегейлі өзгертті. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек» деп айтылғандай, қазіргі жастардың бойында үлкен рухани күш, сапалы білім мен саналы тәрбие, өмірде кездесетін әрбір жағдайға сын көзбен қарай алатындай көзқарас болуы керек. Ал, мұндай талаптарды жүзеге асыру үшін мектеп табалдырығынан бастап жас ұрпаққа берілетін білім мен тәрбие – құңды әрі тиімді болуы керек. [1]
Өркениетті қоғамның шығармашылық мұрасын қолдануда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қоршаған ортаға деген шындыққа эстетикалық қатынасын қалыптастыруға ықпал етеді, мектеп оқушыларының эмоционалды-бейнелік, көркемдік-танымдық белсенділігін ынталандырады, олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді.
Біздің заманымыздың мақсаты - балаларды жан-жақты тәрбиелеу және гармониясын дамыту. Мұнда бірінші эстетикаға тәрбиелеу басты роль атқарады. Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айрықша. Эстетикалық тәрбие - шындық құбылыстары немесе көркем шығармалар туралы әсем немесе асқақ нәрседен туындаған тәжірибе мен сезім түрінде көрінетін эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - кең мағынада мектеп оқушыларында табиғаттағы әсемдіктер туралы, адамдардың мінез-құлқы туралы идеялар тудыру, оларды көркемдік шығармашылыққа баулу, шындықтағы және көркем шығармалардағы әсемдікті сезіну және дұрыс түсіну қабілетін дамыту деген сөз.Қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруының қазіргі жағдайында жас ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастырудағы маңызды рөл, шығармашылық белсенді тұлғаны дамыту мектепке, атап айтқанда, көркемдік-эстетикалық цикл субъектілеріне тиесілі.
Еліміздегі жас буынды эстетикалық тәрбиелеуді қолға алып жүрген, іс –тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен еңбектері бар ғалым – педагогтардан С.Ұзақбаева, Қ.Сыздықов, А.Бейсенбаева, А.Тұрбекова, Х.Арғынбаев, С.Қалиев, т.б. айтуға болады. [2]
Қазіргі таңда мектеп алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы жасөспірімдерді жан – жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондай тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбиелеу де көлемді орын алады. Мектеп кезінде эстетикалық тәрбие мен мәдениеттің негізі қаланады, сол себепті эстетикалық тәрбиелеу мәселесі елімізде әрдайым тәрбиенің жалпы мәселелерімен байланыстырылып келеді.
Жалпы эстетикалық тәрбие мен мәдениет тұлғаның қалыптасуында және адам өмірінде зор роль атқарады. Қоршаған ортаның әсемдігін көре және түсіне білу адам өмірін байыта түседі. Ең жоғарғы шекті рухани ләззат алуына мүмкіндік береді.
Эстетикалық тәрбие ең бірінші отбасынан басталса, екіншіден балабақшадан, үшіншіден мектептен басталады. Баланың отбасынан, балабақшадан алған эстетикалық тәрбиесі мектеп кезеңінде жетіліп, дами түседі және өмірге деген ең алғашқы көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді. Мектеп қабырғасында оқытушылар, мұғалімдер білім алушыларға адамгершілік мәнін жан – жақты түсіндіруге тырысады.
...