Ұстаз ұлы тұлға
Автор: Aikowa451312 • Октябрь 6, 2022 • Эссе • 671 Слов (3 Страниц) • 334 Просмотры
Менің алғашқы қадамым
«Мұғалім білімді ашпайды,
ол білімнің тасымалдаушысы, сондықтан
әр оқушы мұны өзі үшін ашады.
Жақсы мұғалім – бұл жай ғана дұрыс бағыттаушы».
Брюс Ли
Мұғалімдікті титаникалық жұмыс десек те қатеспейміз. Себебі мұғалімдердің жұмысы оңай емес екендігі анық. Жұмыс барысында бірде жетістікке жетіп қуанса, бірде қиындықтар туындап қиналады. Соған қарамастан оқушыларды жақсы көре отырып, оларға білім беру, тәрбиелеу ол мұғалімнің міндеті. Кез- келген адам мұғалім бола алмайтыны анық. Бала кезімізде «Өскеде кім болғың келеді?» - дегенде, «Тек мұғалім емес» - деп жауап беретін едік. Ол ең жаман әрі қиын жұмыс болып көрінетін. Дегенмен, уақыт өте келе, өмір жолымда сүйікті әрі үлгі тұтар ұстаздар кездесеті. Сондай-ақ ең қызыққаным ағылшын тілі пәні, бесінші сыныпта бізге жаңа пән ретінде қосылған болатын. Мен 2000 жылдық тарихы бар, көне Тараз қаласында Мұхтар Әуезов атындағы №33 орта мектепте оқып жүргенімде, ағылщын пәнінен бізге Зульфия Джаналиевна сабақ берген болатын. Оның өзін-өзі ұстауы, киінуі, оқушылармен ара-қатынасы және ағылшын тілінде сөйлегенде оның дауысы құлаққа өте жағымды. Сабақ та көңілді өтетін. Содан ағылшын тілі пәні менің сүйікті пәніме айналды.
Жылдар жылжып,арманым мақсатыма айналып,ағылшын тілінде еркін сөйлейтін тұлға болып қалыптасу үшін білім көкжиегімді кеңейту мақсатында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсуге ниеттендім. Тілді жетік меңгеру үшін қосымша курстарға қатыстым. Осылайша 9 жыл жалпы орта мектепте білім алып, 9-сыныптан кейін НЗМ-ға оқуға түстім. Менің алғашқы жеңісіме қолдау көрсеткен ата-анам, мұғалімдерім және достарым еді. Біздің өзімізге, болашағымызға деген нық қадамды сеніммен басуымыз үшін әртүрлі тренингтар өтізгеннің арқасында мен болашақ мамандығымды дұрыс таңдауыма бұл мектеп өз септігін тигізді. Мені оқытқан әрбір ұстазға және мектеп жүйесіне де алғысым шексіз.
Кез-келген жас түлек секілді менде қалаған оқу орныма түсіп, студент атанғым келді.Сол мақсатта менің таңдаған жоғарғы оқу орным Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,себебі бұл жоғары рейтингісі бар университеттердің бірі. Бұл оқу орнында мен ең керемет студенттік шағымды өткіздім.Университет қалашығы, оқытылған пәндері, оқытушылар, яғни профессорлар барлығы тамаша болды. Өз мамандығымды шыңдай түсу мақсатында 3-курс оқып жүрген шағымда ағылшын тілі пәні бойынша сабақ беріп тәжірибе жинақтағым келді, сәті түсіп универ қабырғасында бізге сабақ берген Утемгалиева Насихат Адайхановна, Айплюс орталығының ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі біздің ЖОО жұмысқа мұғалім іздеп келген кісіге мені ұсынған болатын. Айплюс – балаларды ең мықты мектептерге НЗМ-не, лицейге дайындайтын ең керемет орталықтардың бірі. Бұл менің алғашқы жұмысым болатын. Өмірде бірінші рет пайдалы біліммен бөлісіп, оның нәтижесін оқушылардың игеріп, тапсырманы дұрыс орындағандарын көріп, мені ерекше бір сезім биледі. Бұрын соңды болмаған іштей бір қуаныш болды. Сонда барып мен өз мамандығымды дұрыс таңдағаныма көзім жетті. Әр сабағымда білім алушылардың қуанып,менің сабағымды асыға күткені көңіліме қуаныш ұялатты. Мен сол мекемеде ағылшын тілінен сабақ беріп, 3 жылдың ішінде көп әдіс тәсілді, оқушыларды жас ерекшелігіне қарай жұмыс жасауды үйрендім. Міне, мен өз алғысымды орталыққа, мені ең алғаш мұғалім болып, сабақтан соң алған ләззатты сездірген, ұстазым – Насихат апайға білдіргім келеді. Насихат апай бізге көп сабақтан дәрістер жүргізген, мәселен кәсіби ағылшын, мәдениетаралық коммуникация және тб. Бұл кісінің сабақ беру әдісі ерекше ұстаз болатын, себебі көп жағдайда студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына көп көңіл бөлетін, әрі оларды қатаң бақылауда ұстайтын.
...