Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл

Автор:   •  Март 11, 2023  •  Лекция  •  520 Слов (3 Страниц)  •  262 Просмотры

Страница 1 из 3

Тақырыбы: Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл

Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, ақынның қанатты сөздері, А4 парақтары.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталатын боламыз.

Ахмет Байтұрсынұлы - Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ғалым Ыбырай Алтынсариннен кейiнгi еңбегi ерекше ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан жаңаша ақын, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған қоғам қайраткерi. Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 «Ассоциация» әдісі.

Мұғалім: Ахмет Байтұрсынұлы жайлы қандай ақпараттар білесіңдер?

- Ахмет Байтұрсынұлы кім? Осы сұрақтың жауабын сызбаға түсірейікші.

Мұғалім: Ахмет Байтұрсынұлының бес арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше бес арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:

• Шәкәрім Құдайбердіұлы

• Ахмет Байтұрсынұлы

• Міржақып Дулатов

• Мағжан Жұмабаев

• Жүсіпбек Аймауытов

Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.

2.2 «Кинометафора» әдісі.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығымен танысады. Бейнероликті көріп болғаннан кейін, талдап, талқылайды.

https://youtu.be/I6WAWEVFfvs

Сұрақтар:

- Ахмет Байтұрсынұлы кім? Қай

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (54.5 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club