Калыптастырушы баfалау технологиясы негiзiнде шет тiлiн жазу даfдыларын калыптастыру
Автор: asara123 • Октябрь 22, 2021 • Доклад • 2,112 Слов (9 Страниц) • 288 Просмотры
С.Ш.Арыстанбек1
1Абай атындагы ҚазҰПУ
1педагогика ғылымдарының магистрі
Алматы қ., Қазақстан
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ШЕТ ТІЛІН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ (В1 ДЕҢГЕЙІ)
Аннотация
Ұсынылып отырған мақалада білім алушыларда шет тілін жазу дағдыларын В1 деңгейінде қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылды. Шет тілін жазу дағдыларын меңгертудің тәсілі ретінде қалыптастырушы бағалау технологиясының тиімділігі сараланады. Шет тілін оқытуда маңызды болып саналатын - жазу дағдысының алатын рөлі және оның ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мақалада оқу мен оқытуды жетілдірудің тетігі – қалыптастырушы бағалаудың оқу үдерісіндегі маңыздылығы көрсетілген және қалыптастырушы бағалау технологияларының түрлері, оны қолдану әдістері қарастырылды. Күнделікті сабақта оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсатымен компоненттері көрсетілген. Осы мақалада шет тілін жазу дағдыларын жақсартуға қалыптастырушы бағалауды қолданудың әсерін анықтап және соның аясында қолданылған түрлі әдістерді көрсету міндеттелмек.
Кілт сөздер: тіл, жазу дағдысы, шет тілі, қалыптастырушы бағалау, технология, хат, сөйлеу, деңгей, ереже.
Арыстанбек С.Ш 1
1КазНПУ им. Абая
1магистр педагогических наук.
Алматы, Казахстан
ФОРМИРОВАНИЕ НАВЫКОВ ИНОЯЗЫЧНОЙ ПИСЬМЕННОЙ РЕЧИ НА ОСНОВЕ ТЕХНОЛОГИИ ФОРМАТИВНОГО ОЦЕНИВАНИЯ (B1 УРОВЕНЬ)
Аннотация
В предлагаемой статье рассмотрены особенности формирования навыков иноязычной письменной речи у обучающихся на уровне В1. Дифференцируется эффективность технологии формативного оценивания как способа овладения навыками письма иностранным языком. Предоставлена информация о роли навыков письма и их особенностях, которые важны при обучении иностранному языку. Кроме того, в статье показан механизм совершенствования преподавания и обучения - важность формативного оценивания в образовательном процессе и виды технологий формативного оценивания, способы его применения. Показаны цели компоненты формативного оценивания, используемые для измерения прогресса, уровня усвоения учащимися на ежедневном занятии. В данной статье рассматривается применения формативного оценивания на улучшение навыков иноязычной письменной речи и показаны методы, использованные в его рамках.
Ключевые слова: язык, навыки письма, иностранный язык, формирующее оценивание, технология, письмо, речь, уровень, правило.
Arystanbek S.S 1
1KazNPU named after Abay
1 master of pedagogical sciences.
Almaty, Kazakhstan
FORMATION OF FOREIGN LANGUAGE WRITING SKILLS BASED ON FORMATIVE ASSESSMENT TECHNOLOGY (B1 LEVEL)
Annotation
The article discusses the features of the formation of students ' skills of writing a foreign language at the level of B1. The effectiveness of the technology of formative assessment as a way of mastering the skills of writing a foreign language is differentiated. Information was provided on the role of writing skills and their features, which are important when teaching a foreign language. In addition, the article shows the mechanism of improving teaching and learning - the importance of formative assessment in the educational process and the types of technologies of formative assessment, ways of its application. The components and goals of the formative assessment, which used to measure the progress, the level of assimilation of students in the daily lesson are shown.
In this article, we will identify the impact of the use of formative assessment on improving the skills of writing a foreign language and show the various methods used in its framework
Key words: language, writing skills, foreign language, formative assessment, technology, writing, speech, level, rule.
Тілді үйренудегі жазудың рөлі артқан сайын жазу дағдысын қалыптастыру тәжірибесі де маңызды бола түсті. Шет тілінде жаза білу дағдысы бірнеше себептерге байланысты өзекті. Бүгінгі күні саяхаттау, шетелдік фирмаларда жұмыс істеу, халықаралық конференциялар мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына қатысу, интернет арқылы сөйлесу мүмкіндігі мол. Тиісінше мұның бәрі сауалнамалар мен декларацияларды толтыру, іскери хат алмасу, түйіндеме жасау, эссе мен баяндамалар жазу қабілеттерін қамтиды. Ол үшін жазбаша түрде ойлар мен идеяларды білдіріп, композицияның негіздерін игеріп, стиль ерекшеліктерін білу керек.
...