Көйлек тігу технологиясы
Автор: meeka • Апрель 25, 2018 • Реферат • 1,840 Слов (8 Страниц) • 4,199 Просмотры
Кіріспе
Киім – адам денесіне киюге арналған бұйым, жасандағы жамылғы түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік талаптарға сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп, эстетикалық қызметін атқарған. Тігіншілік ең ежелгі және қажетті қолөнер кәсіптерінің бірі болып есептеледі. Біздің заманымыздағы киім өндірісі – адам тұрмыстық талаптарымен көркемдік сұраныстарына сай қызметететін индустрияның қуатты саласы. Кәсіптік білім берудің маңыздылығы біздің қоғамымызға толық ескеріліп м отырғаны жөн. Нарықтық экономика орныға бастаған қоғамымызда тігінші, әмбебап-тігінші, пішуші, сәнгер мамандықтары сұранысқа ие Республикамызда шағын кәсіпкерлікке жол ашу отандық өнімдерді өндіру мәселесі күн тәртібіне қойылатын отырған кезінде аталған кәсіптер бойынша білім беру маңызды әрі көкейтесті іс. Жаңа жұмыс орындарын алуу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, ел территориясында турғындарға көрсетілетін тұрмыстық қызметті жолға қою-білікті маман кадрларды дайындауды қажет етеді.
Бұл әдестімелік нұсқауда оңайтырылған тәсілмен көйлек үлгісін (лекало) құрастыруды үйретуге қажетті мәліметтер сызбалар көрсетіледі. Әдістемелік нұсқауда көрсетілген тәсілмен көйлек, жен, пішінуді меңгеру осы тігіншілік мамандығын арі қарай оңай түсунуіне, кәсіптік білімін әрі қарай жәнеде дамытыуна көшегі мол.
І. Әйел көйлегі
48 мөлшердегі әйел көйлеегінің үлгісін (лекалосын) құрастыру.
Қажетті өлшемдер:
- Көйлек ұзындығы -100см
- Белге дейін артқы бой ұзындығы Ұамб,б-38см
- Иық белдеуі ені (ұзындыға) Еи – 13-14см
- Жартылай мойын айналымы жАм – 18см
- Жартылай кеуде асты өлшемі ЖАкг-44 см
- Жартылай кеуде айналымы ЖАкз – 48 см
- Жартылай бел айналымы ЖАбел – 38см
- Жартылай мықын айналымы – 50см
Әйелдер көйлегінің конструкциясы негізгі сызбасының базистық торын сызыуымыз керек. Конструкция сызбасының базистік торы деп бұйымның жалпы габаритін (оның ені және ұзындығы) анықтайтын көлденен және тік сызықтардың жиынтығын атаймыз.
Сызбаны құрастыру:
- Көйлектің ені: А0а1=ЕЕ2=ЖАкз+Қк ол дегеніміз жартылай кеуде айналымы (ЖАкз) өлшеміне 4 см барлық мөлшерлер үшін 4см қосымша қосамыз: 48+4=52
- Көйлектің ұзындығы: А0Е және а1Е3-100см Есептелген өлшемдерден бойынша А0а1ЕЕ3 тура төртбұрыш сызамыз.
- Қолтық ойындысы сызығы: ЖАкз:3+Ққот бойынша (Қкот=4см барлық мөлшерлер үшін) 48:3+4=20 есептеген А0 нүктеден 20 см өлшеп К нүктенін белгіліп, К нүктеден оңға қарай а1Е3сызығын кескені тура сызық кескен нүктені К3 дей белгілейміз.
- Бел сызығы – өлшем бойынша белге дейінгі артқы бой 38 см ұзындығын А0 нүктеден төменге қарай өлшеп Б нүктесі белгілейміз Б нүктеден оңға а1Е3сызығын кескенше сызық жүргізіп кескен нүктесін Б3 деп белгілейміз.
- Мықын сызығы – Б нүктеден төменге 18 см өлшеп М нүктесі белгілейміз. 18см мықын сызығын құрастыруға барлық мөлшерлер үшін берілетін стандарт өлшем. М нүктеден оңға а1Е3 сызығын кескенше сызық сызып, кескен нүктесін М3 деп белгілейміз.
- Артқы бөлік ені – ЖАкз:3+2,5 – бойынша 48:3+2,5=2,5 барлық мөлшерлерге берілетін қосымша 0,5 см есептеп, К нүктеден 18,5 см оңға өлшеп К1 нүктені белгілейміз. К1 нүктеден биікке А0а1 сызықты кескенде сызық жүргізіп кескен нүктені а деп белгілейміз.
- Қолтық ойындасы ені – ЖАкз:4 бойынша 48:4=12см есептеп К1 нүктеден онға 12см өлшеп К4 нүктесі белгілейміз.
- Кеуде биіктігі- ЖАкз:2+0,5 бойынша (0,5 барлық мөлшерлерге қосылатын қосымша) 48:2+0,5=24,5см есептеп Кз нүктеден биікке 24,5см өлшеп А3 нүктесі белгілейміз. К4 нүктеден биікке 24,5см өлшеп а2 нүктені белгілейміз А0а1 сызық пен кескен нүктесін а2 деп белгілейміз. А2 және А3 нүктелерді құрастырамыз
- Буйір қыйығы сызығы – (ЖАкз:4):4 бойы (48:4):4=3 см есептеп К5 нүкьені белгілейміз. К5 нүктеден төменге қарай ЕЕ3 сығызын кескенше тура сызық жүргіземіз. Осы сызықтың ББ3 сызықпен кескен нүктесін Б2, ММ3 сызықпен кескен нүктесін М2 деп белгілейміз.
- Иық және қолтық ойындысына керекті қосымша нүктелер – К4а2 сызықтарын тең төрт бөлікке бөліп белгілеп қоямыз. Базистық тор дайын болды.
Артқы бөлікті құрастыру
- Мойын ойындысы – ЖАм:3+0,5(0,5-барлық мөлшерлерге берілетін қосымша) бойымда 18:3+0,5=6,5см-ді есептеп А0 нүктеден онға қарай өлшеп белгілейміз. Белгіленген 6,5 нүктеден биікке 1,5 см өлшеп белгілейміз. 1,5 см нүктесінен жәнеде биікке 1см өлшеп белгілейміз. А0 және 1 нүктелерін ойың сызықпен құрастырамыз.
- Иық сызығы (Иықтың қисық биіктігі) а нүктеден төменге 2см өлшеп белгілейміз.
- Иық қиығы. Е1+1 бойынша 13+1см=14см (1см иық ұзындығы өлшеміне барлық мөлшерлер үшін қосымша) есептейміз. Мойын ойындысындағы белгіленген 1,5 нүктеден иық иеліуындағы 2 нүктелерін құрастырып осы сызық бойынша 14 см өлшеп белгілейміз. Мойын ойындысындағы 1 деген нүктені иық сызығымен құрастырамыз.
- Қолтық ойындысы сызығы аК1 және аК4 сызықтарын 1см-ге ұзртып белгілеп, нүктелерді құрастырамыз. Осы 1 нүктеден тік бұрышты тең екіге бөліп 3см өлшеп белшілейміз. Қолтық ойындысы сызығын 14, аК1 сызығының тең орта нүктесін, 3 және К5 нүктелермен құрастырып анықтаймыз.
5. Бұйыр қиығы - Б2 нүктеден солға 2 см өлшеп Б4 деп белгілейміз. Буйир қиығы сызығын К5, Б4, М2 нүктелерін құрастырып, сол сызықты ЕЕ3 сызықпен кескенше жалғыстырамыз.
6. Бел сызығындағы бүкпе - КК1 сызықты тең екіге бөліп, бөлінген еүктеден солға 1см өлшеп, осы 1 нүктеден төменге ММ3 сызығын кескенше үзік сызық тартамыз. 1 нүктеден 5-6 см төменге өлшеп белгілейміз және мықын (ММ3) сызығыннан биікке 3 см өлшеп белгілейміз, ұзік сызықтың бел сызығымен кескен нүктесінен онға және солға 1,5 см-ден өлшеп белгілейміз. Осы белгіленген нүктелерді 5-6 см және 3см нүктелерімен құрастырамыз.
...