Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік
Автор: AidaNakipova_04 • Декабрь 18, 2021 • Реферат • 1,443 Слов (6 Страниц) • 1,046 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
№-4 СӨЖ: Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау.
Орындаган: Накипова Эльвира
Алматы 2021
Жоспар:
1) Кіріспе
а.Ядролық қару түсінігі
б. Қазақстандағы және дүниежүзіндегі ядролық қару мәселесі
2) Негізгі бөлім
а.Ядролық қарудан бас тарту бойынша Қазақстанның бастамалары
б. Әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау.
3) Қорытынды
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған
Қазақстан қазіргі заманның өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымына да дәл осындай мәртебемен енді.Кезінде Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға иелік етті, ол Франция, Ұлыбритания және Қытайдың сол кездегі ядролық күштерін қоса алғандағы әлеуеттен де артық болатын.Қазақстанның ядролық қару мәселесі бойынша қасіреті Семей атом қаруын сынау алаңы еді. Мұнда әлемдегі ең ірі Дегелең тауларынан қазып алынған 200-ге жуық штоленнен тұратын тау тастарының қосындысы жасалынды. 40 жыл ішінде (1949 жылдан бастап) сынақ алаңында 470 (КСРО-дағы барлық жүргізілген 715 жарылыстың) ядролық жарылыс жасалынды: 26-сы жер үстінде, 87-сі ауада, 354-і жер астында іске асырылды. Ядролық жарылыстар Қазақстанның басқа аймақтарында да сыннан өткізілді. Атап айтқанда, Каспий жағалауы тұзды-тасты аймақтағы Азғыр сынақ алаңында 1966-1979 жылдар аралығында 17 жер асты ядролық жарылысы іске асырылды. (Тағы да 21 жарылыс және ядролық қуаты бар 4 зымырандық сынақ республиканың бұлардан басқа да аймақтарында жүзеге асырылды. Ядролық қалдықтар мәселесі аса қауіпке айналды. Қазақстанда олардың қалдығы жинақталған 100 орын бар. Ядролық қалдықтардың көлемі мөлшермен 419 миллион тонна деп анықталып отыр. Қоршаған ортаны ластандырудың орталығы атомдық жобаларды іске асыруға арналған кәсіпорындары болып отыр. Олардың қатарына, атап айтқанда, Целинный және Прикаспий тау-металлургиялық комбинаттары, «Изотоп» фирмасы, Маңғышлақ энергокомбинаты, КСРО кезіндёгі құрамында төменгі байытылған ураны бар ядролық реактордың отынын жасауда жетекші орын алған Шығыс Қазақстандағы Үлбі металлургиялық зауыттары жатты. Олардың қызметтерінің қорытындысын ядролық өндіру құрылымының үлкен аумақты ядроактивтік залалдағандығын, тұрғындар денсаулықтарының елеулі және мейлінше зардапқа ұшырағандықтары-нан білуге болады.
...