Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан және әлемдік қауымдастық

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Реферат  •  1,015 Слов (5 Страниц)  •  597 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан және әлемдік қауымдастық

1992 жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46/224 Қазақстан Республикасын БҰҰ-на қабылдау туралы қарарына бірауыздан дауыс берді.

БҰҰ әлем халықтары Қазақстан­ның бейбіт­шілік пен ынтымақтастық саясаты­ның куәсі болғандығын айтады. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы ынты­мақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құнды­лықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Ол өзінің ұлттық мүдделерін қорғай алатын әлемдік саясат субъектісіне айналды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Ол әлемдік басым державалар арасындағы қатынастарды, халықаралық қатынастардағы одақтар жүйесін және әлемдік тартылыс күштерінің негізгі нүктелерінің ықпалдарын есептеу­ге ұмтылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемдік саясатта бірполюсті, АҚШ-тың басымдылығы анық байқалды. Қазақстан басшылығы әлемдік саясаттың қауіптері мен тәуекелдері көп екендігін жақсы түсінді. Сондықтан Қазақстан өзінің сыртқы саясатын елдің халықаралық аренадағы қауіпсіздігін сақтау және нығайту мүддесіне бағындырды. Әлем мемлекеттерінің мүдделерінің тоғысар тұсы БҰҰ ұсынған қағидаттар мен идеялар екендігіне Қазақстан да ұйыды, сенді. Сонымен қатар БҰҰ әлемдік үстемдік құратын мемлекеттік ұйым емес. Бұл ұйым көптеген жаһандық қақтығыстар мен қайшылықтар алдында дәрменсіз. Бірақ та өркениетті адамзаттың басшылары жиналып әлемдік өзекті мәселелерді талқылауға болатын, консенустық шешімдерге ортақ келуге болатын әлемдегі жалғыз ұйым – БҰҰ. Сондықтан бұл ұйымды ауыстыратын балама әзірше жоқ. 1992 жылы 5 қазанда Бірік­кен Ұлттар Ұйы­мының Бас Ассам­блея­сының 47-ші сес­сиясында Н.Ә.Назарбаев алғаш рет сөз сөй­леді. Әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіз­діктің тетіктерін БҰҰ-нан барлық халықтар күтеді. БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Ғали ұсы­нып отырған алдын алу дипломатиясы тиімді және пайдалы. Себебі, әлемдік қауіптер ошақтарында қайшылықтардың өртке айналмауы жолында алдын ала шаралар жасау қажет. Ол үшін мемлекеттер арасында тарихи қалыптасқан шекараларды бұзуға жол бермеу керек. Шекара бір бұзылса мемлекеттер арасында басталатын соғыс өрті тоқталмайды. Сондықтан көптеген аз ұлттардың өзін-өзі билеуі мен тәуелсіз мемлекет құруы мәселелеріне өте сақтықпен қарау керек. Демократия мен бейбітшілікке шекаралардағы тыныштық әкелді, – деген пікірлерді жас мемлекеттің бас­шысы Н.Назарбаев 1992 жылы шегелеп айтты. БҰҰ мүше бола салысымен оның мін­берінен әлемдік бейбітшілік пен тұрақ­тылықты нығайтуға бағытталған пайдалы және тиімді ұсыныстармен шыққан Қазақстан Президентіне және Қазақ мемлекетіне әлемдік қауымдастықтың жылы ниеті бірден байқалды. БҰҰ Орталық Азия аймағында бейбітшілікті нығайту мақсатында өзінің бейбітшілік батальонын құрды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан құрған бейбітшілік батальоны 1995 жылдан бастап БҰҰ бейбітшілік операцияларына қатысатын болды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 3 наурызда БҰҰ-ға мүшелікке енуі ел үшін тарихи маңызды оқиға болғаны ақиқат. Біріншіден, еліміз әлемдік қауым­дастық­тың белсенді субъектісіне айналды. Қазақстанды әлем танып, мойындады. Біз өзімізді толғандырған

...

Скачать:   txt (15.7 Kb)   pdf (53.3 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club