Ылғалдылықты анықтау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты
Автор: 19982000 • Апрель 2, 2021 • Контрольная работа • 408 Слов (2 Страниц) • 547 Просмотры
Ылғалдылықты анықтау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты. ҚР СТ ИСО 712-2006.
Бұл стандарт астық және астық өнімдерінен ылғалды толық жоюды қамтамасыз ететін, олардың құрамындағы ылғалды анықтаудың жұмыс бақылау әдісін белгілейді.
Стандарттың қолданылуы жұмсақ бидайға, қатты бидайға, күрішке, арпаға, тарыға, қара бидайға , сұлыға,тритикале дәндеріне, жармаға немесе ұнға таратылады.
Осы әдіс жүгеріге таратылмайды.
- Сынау жүргізу үшін мыналар қолданылуы тиіс:
1.1 Өлшеудің рұқсат етілген қателігі ±0,001 г аналитикалық таразылар
1.2 1- кестеде берілген ірілігі бойынша дәнді уатуды қамтамасыз етуі тиіс және мынадай сипаттамалары бар:
а) ылғал сіңірмейтін материалдан жасалуы
б) жақсы тазартылуы
в) біраз қыздырмай және мүмкіндігінше сыртқы ауаға тигізбей тез және бірыңғай уатуы
г) алынған бөліктерінің өлшемі 7.1 талаптарына жауап беретіндей тәсілмен реттелуі тиіс зертханалық диірмен
1- кесте Уатуды талап етпейтін өнімдердің түйіршікметрлік құрамы
Бөліктерінің өлшемі мм | Ара қатынасы % |
<1,7(1,8)a | 100 |
>1,0(1,0)b | 10 |
<0,5(0,56)a | 50 |
a ИСО 3310-1 сәйкес осы өлшемнің (миллиметрмен) бөлігі өткізілетін електің саңылауының атаулы өлшемі. b[1] ИСО 3310-1 сәйкес осы өлшемнің ( миллиметрмен) бөлігі өткізілмейтін електің саңылауының атаулы өлшемі |
- Сынау шарттарына жегілік-тұрақты материалдан жасалған металл тостақан немесе жоқ болған жағдайда қақпағы тығыз жабылатын және салмағы ауқым көлеміне 0,3 г/см артық болмайтындай тәсілмен талдауға арналған сынаманы бөлуге мүмкіндік беретін тиімді беттік ауқымы бар шыны тостақ.
- Жұмыс аумағында ±3ºС қателікті 130ºС температура жасап, ұстап тұруды қамтамасыз ететін кептіргіш электр шкафы
- Тиімді кептіргіші бар эксикатор
- Уақытты санау құрылғысы
2. Әдістеме
2.1 Талдауға арналған сынама
2.2 Егер өнімдер ұсақтауды қажет етпесе, онда алдын-ала кептірілген және қақпағымен бірге 0,001 г дәлдікпен өлшенген тостақанда 5 ± 1г зертханалық сынаманы 0,001 г дәлдікпен өлшейміз
2.3 Егер өнімдер уатылған болуға тиіс жағдайда, алдын-ала кептірілген және 0,001 г дәлдікпен қақпағымен бірге өлшенген тостақанда 0,001 г дейінгі дәлдікпен алынған ұнның барлығын тез өлшейміз
2.4 Кептіру
Шкафтың есігін кептіру кезінде ашпаңыз. Кептіру уақытының соңында талдауға арналған кептірілген сынамаларды шкафтың ішіне ылғал өнімдерді салмас бұрын алып шығыңыз, әйтпесе нәтижесінде талдауға арналған кептірілген сынамалар жартылай регидратациялануы мүмкін..
...