Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы және дамуы: саяси, құқықтық аспектілері

Автор:   •  Ноябрь 10, 2022  •  Магистерская работа  •  1,296 Слов (6 Страниц)  •  245 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Заң факультеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы және дамуы: саяси, құқықтық аспектілері»

мамандық бойынша 7M04204 – «Мемлекеттік қызмет және кадрлық әлеует»

Орындаған:                                                                              Базарбаев Е.Ж.

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент                                             Мынбатырова Н.Қ.

Қорғауға жіберілді:

Хаттама №        ,        «        »         20        ж.

         _

Кафедра меңгерушісі: з.ғ.д., профессор                               Кенжалтев З.Ж.

Нормобақылау: з.ғ.к., аға оқытушы                                      Турсынкулова Д.А.

Алматы, 2022

ТҮЙІН

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Магистрлік диссертация зерттеудің пəнімен, мақсаттарымен жəне міндеттерімен негізделген жəне кіріспеден, тоғыз бөлімшеден тұратын үш бөлімнен, қорытындыдан жəне пайдаланылған əдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі талаптарға сəйкес келеді жəне 107 бетті құрайды. Қайнар көздердің жалпы саны - 107.

Магистрлік зерттеудің мақсаты – мемлекеттік қызметтің даму тенденцияларын анықтауға және мемлекеттік қызмет реформасының негізгі бағыттарын анықтауға және тиісті заңнаманы жетілдіруге бағытталған мемлекеттік қызметтің теориялық тұжырымдамасын анықтау.

Белгіленген мақсатты негізге ала отырып, жұмыста келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

- мемлекеттік қызмет жүйесі эволюциясының негізгі кезеңдері мен компоненттерін, оның міндеттері мен функцияларын зерделеу;

- қазақстандық мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасу және жұмыс істеу ерекшеліктері мен принциптерін зерттеу;

- мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесін жетілдірудің кейбір өзекті мәселелерін және тиісті шетелдік оң тәжірибені оңтайлы қабылдау ықтималдығын қарастыру;

- жүргізілген зерттеу негізінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қолданыстағы моделін және мемлекеттік қызметшінің имиджін жетілдіруге бағытталған қорытындылар мен ұсынымдар жасау.

Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы әртүрлі елдердің мемлекеттік қызмет жүйелерінің өзара әрекеттесу қажеттілігін ашылуында және зерттелуінде, мемлекеттік қызметтің оңтайлы ұлттық моделін қалыптастыру үшін мұндай өзара іс-қимылдың маңыздылығын қарастырлуында болып табылады. Жұмыста мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделін қалыптастырудың лайықты құралы ретінде осындай рецепцияны көрсетуге талпыныс жасалды.

Магистрлік диссертацияның теориялық жəне тәжірибелік маңыздылығы, ең алдымен, диссертацияда қамтылған теориялық қорытындылар мен ережелер мемлекеттік қызмет жүйесінің өзара іс-қимыл нысандары туралы отандық заң ғылымында жинақтаған білімді айтарлықтай толықтыруға мүмкіндік береді. Жұмыста келтірілген заңнамалық актілерді талдау бұл мəселені одан əрі ғылыми зерттеу жəне тиісінше практикалық енгізу үшін  пайдаланылуы  мүмкін. Диссертацияның кейбір ережелері оқу жəне арнайы курстарды оқыту процесінде пайдаланылуы мүмкін.


РЕЗЮМЕ

Структура и объем исследовательской работы. Магистерская диссертация обусловлена предметом, целями и задачами исследования и отражает его логику, которая состоит из введения, трех разделов, включающих девять подразделов, заключения и списка использованных источников. Общий объем диссертации соответствует требованиям и составляет 107 страницы. Общее количество источников - 107.

Цель магитерского исследования. Основная цель диссертационного исследования состоит в определении теоретической концепции государственной службы, направленной на выявление тенденций развития и определение основных направлений реформы государственной службы, а также совершенствование соответствующего законодательства.

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (118.4 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club