Саясаттану
Автор: Аяжан Ғаниқызы • Сентябрь 16, 2023 • Эссе • 361 Слов (2 Страниц) • 148 Просмотры
Саясат деген сөздің неше түрлі ұғымы бар.
Ғұламалардың айтып кеткен неше түрлі көзқарасы бар. Мысалы, "Республика" атты еңбегінде Платон саяси бағыттың әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз байланыста екендігін атап керсеткен. Ал Аристотель "Саясат" деген шығармасында адам өзінің табиғи жаратылысына байланысты
саясаттан тыс бола алмайтындығына
басты назар аударған. Т.Гоббс және
Дж. Локк мемлекеттің шығуы туралы өзара бір-біріне ұқсамайтын теорияларда адам жөніндегі қарама-қайшы концепцияларға суйене отырып
зерттеген.Саясат адамзат тарихында негізгі рөл атқарады.Себебі, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.Мысалы,мемлекеттердің арасында басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе,оның соңы бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтырады.Егер,мемлекет тиімді бейбіт саясат жүргізсе,елге қолайлы болары белгілі.
Саясат маған не береді ?
Жана айтып кеткенімдей,саясат адам өміріне үлкен рөл атқарады.Саясаттан хабарымыз болған бізге жақсы.Мысалы, болашағым үшін білім алу,еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғам өміріне араласу және т.б. Саясаттың нәтижелі болуы оның адамдар үшін кызмет етуінде және адамдар аркылы іске асуында.Қоғамның жан-жақты дамуы саясатқа әсер етеді.Саясаттың ең басты субъектісі-адам. Кандай коғамдык,
саяси ұйымдар болмасын барлығы да
адамдардан тұрады, бүкіл саяси үрдістің, коғамның саяси өмірінің мәні, бағыты - негізінен адамдардың
мақсатымен, көзқарастарымен, олардың
ерікті іс-әрекетімен анықталады. Олай болса, қоғам, мемлекет - адам үшін қызмет етуі шарт. Себебі адам қоғам өміріндегі, саясаттағы шешуші фактор.
...