Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көлік-қатынасы жолдары

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Реферат  •  1,626 Слов (7 Страниц)  •  294 Просмотры

Страница 1 из 7

2.Көлік-қатынасы жолдары. Карағанды облысында жалпы қолданатын автомобиль жолдары 8858,3 км кұрайды, оның ішінде республикалық мақсаттағы — 2837 км, облыстық және аудандық мақсаттағы-6021,3 км. Республикалық мақсаттағы жолдың ішінде асфальтбетонмен жабылғаны 996 км, қара қиыршық таспен жабылғаны 1498 км, ақ қиыршық таспен жабылғаны 341 км. Автокөлік жолдарында 114 өткел (5996,38 кума метр), 1630 дана су құбыры трубасы бар (30076,74 кума метр). Облыстық және аудандық жолдың жалпы ұзындығы 6021,3 км (оның ішіндегі 3356 км облыстық мақсатта, 2665,3 км аудандық мақсатта), оның ішінде асфальтбетонмен жабылғаны 512 км, қара қиыршық таспен жабылғаны 2273 км, ақ қиыршық таспен жабылғаны 3120,3 км және қара жол 116 км. Автокөлік жолдарында 124 өткел (6838,5 кума метр), 3462 дана су құбыры бар (52214,6 кума метр). Қарағанды қаласы көшелерінің жалпы ұзындығы 530 км-ді кұрайды.

Облыстық және аудандық автокөлік жолдарын жөндеуге бөлінген қаржы денгейі: 2003 ж. 800 млн теңге, 2004 ж. 895 млн теңге, 2005 жылы 889,7 млн теңгеге жетті.

3. "Haliburton" халықаралық компаниясының толық техникалық қолдауымен экспорттық тауарларды жасау және Қазақстанды әлемдік нарыққа шығару үшін өңдеу секторына ТҰК тарту бойынша жұмыс шеңберінде Қаражал моноқаласында "KarazhalOperаting"ЖШС Барит кенін қайта өңдеу бойынша өндірісі іске қосылды. Тікелей шетелдік инвестициялар есебінен Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндіретін зауыт ("GlobalLimeIndustries" ЖШС) салу жоспарлануда.

4. Сауда

2020 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 1052,2 млрд.теңгені немесе 2019 жылға 99,7% құрады (жедел мәліметтер). Облыстың тауар айналымының үлесі республикалық көлемде 9,1% құрады. Бөлшек тауар айналымының көлемі бойынша Қарағанды облысы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан, Шығыс Қазақстан облысынан кейін республикада 4-і орында тұр.

Сауда көлемінің төмендеуі бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, корпоративтер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салудың жалғасуымен және пандемия кезеңінде СҮ және СОСО жұмыстарына шектеу шараларының енгізілуімен байланысты.

Бөлшек тауар айналымының 59%-ын немесе 620,4 млрд.теңгені базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті, тауар айналымының 41% немесе 431,8 млрд. теңгесі тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі.

Бөлшек сауданың жалпы көлемінде азық – түлік тауарларының үлесі 40,3%, азық-түлік емес тауарлар - 59,7% құрады.

Облыстың көтерме сауда нарығында тауарлар 1280,9 млрд.теңгеге сатылды немесе 2019 жылға 99,9%.

Есепті жылы 28,2 млрд.теңге инвестиция сомасына 430 жаңа сауда нысаны іске қосылды, 1739 жұмыс орны құрылды.

POS-терминалдардың саны 18,3% - ға артып, 15449 бірлікті құрады.

2020 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі (ЕАЭО елдерін қосқанда) 6023,5 млн. АҚШ долларын құрады (2019 жылмен салыстырғанда 95,8%), оның ішінде экспорт - 4589,6 млн. АҚШ доллары (2019 жылдың сәйкес кезеңіне 101,8%), импорт - 1433,9 млн. АҚШ доллар (2019 жылдың сәйкес кезеңіне 80,5%).

Сауда балансының сальдосы 3155,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Негізгі экспортталатын тауарлар-мыс және одан жасалған бұйымдар, тас көмір, күміс, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жазық илек, суықтай илектелген жазық илек, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, мұнай және басқалар.

Негізгі импортталатын тауарлар - жабдықтар, қара металдардан жасалған, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, электр жабдығы, каучук, резеңке және одан жасалған бұйымдар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған тоң майлар немесе майлар, пластмасса, керамикалық бұйымдар, өсімдіктер және басқалар болып табылады.

Экспорттық операциялар бойынша негізгі әріптес елдер:

- Қытай (экспорттың жалпы көлемінің 59%), Біріккен Араб Әмірліктері (8%), Өзбекстан (7%), Украина (6%), Біріккен Корольдік (6%), Франция (2%), Тәжікстан (2%), Түркия (3%), басқа елдер (7%).

...

Скачать:   txt (21.3 Kb)   pdf (145.7 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club