Автокөлік жолдары және олардың диагностикасы
Автор: Шынар Куанышкызы • Июнь 2, 2024 • Реферат • 1,841 Слов (8 Страниц) • 87 Просмотры
Пәні: Автокөлік жолдары және олардың диагностикасы
І. АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ
Автокөлік жолдарының классификациясы
Жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдары қалалық, селолық және қаладан тысқары болып бөлінеді.Пайдалану дәрежесіне байланысты мемлекеттік, халықаралық, республикалық, облыстық, ведомостволық және жергілікті болады.Көлік аса көп қозғалатын және жоғары жылдамдыққа арналған жолдарды автоарналар (автомагистралдар) деп атайды. Пайдалану дәрежесіне, перспективасына, қозғалыстың жиілігіне т.б. деңгейіне байланысты жолдарды бес топқа бөледі.
І топқа жалпымемлекеттік маңызды, негізгі магистралды жолдар, үлкен қалалардағы әуежайға, теңіз порттарына баратын, қозғалыс жиілігі тәулігіне 7000 ав-ль болатын жолдар жатады.
ІІ топқа осындай, бірақ қозғалыс жиілігі тәулігіне 3000- 7000 ав-ль болатын жолдар жатады.
ІІІ топқа жалпымемлекеттік және республикалық маңызды, облыстық деңгейдегі, елді мекендерге, темір жол тораптарына, өзен және теңіз порттарына, демалыс орындарына, мекемелерге кіретін және өндірісаралық, қозғалыс жиілігі тәулігіне 1000- 3000 ав-ль болатын жолдар жатады.
ІҮ топқа да сондай, бірақ қозғалыс жиілігі тәулігіне 200- 1000 ав-ль болатын жолдар жатады.
Ү топқа жергілікті маңызды, өндірісаралық, шаруашылықтыі ішкі жолдары, қызметтік, қозғалыс жиілігі тәулігіне 200 дейінгі ав-ль болатын жолдар жатады.
Жолдардың қандай топқа жатуына байланысты оның жоспарлануы, салынуы, қосымша құрылыстары арнайы нормалар бойынша есептеледі. Автоарналар І және ІІ топтың негізінде жобаланады.
Автокөлік жолдарының көліктік-пайдалану көрсеткіштері
Автокөлік жолдарының көліктік-пайдалану көрсеткіштері: есептік жылдамдық, есепті салмақ, көпірлер мен өтпелердің (тоннель) өлшемдері, өткізу және қауіпсіздік көрсеткіштері болады.
Есептік жылдамдық- бұл дара жеңіл автокөліктің қалыпты жолдағы арнаның біршама тығыздығы кезіндегі шекті және барынша мүмкін қозғалыс жылдамдығы.Осы есептік жылдамдық бойынша жолдың геометриялық элементтері мен жолды жобалау нормалары белгіленеді.
Есептік салмақ –бұл жолдың немесе жасанды құрылыстардың көтеруі мүмкін ең көп салмақ деңгейі.
Көпірдің өлшемі-бұл көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің еркін өтуіне арналған өлшемдік көрсеткіштер.Жолдың санатына байланысты көпірдің енін, ұзындығын және мықтылығын бағалайды.
Өткізгіштік қабылеті – бұл 1 сағаттың ішіндегі жолдың өткізуге мүмкін ең көп көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің саны. Бұл шама жолдың жолақ санына, көлік құралдарының жылдамдығына және жол бетінің жарамдылық жағдайына тәуелді.
Жүк өткізу қабілеті –бұл уақыт бірлігі ішінде жол арқылы өтетін жүк тоннасының ең көп мөлшері.Осы шама жолдың өткізгіштігі мен көліктің жүк көтергіштігіне тікелей байланысты.
Жолдың жарамдылығы –бұл жыл бойындағы жолдың қозғалысқа жарамдылық мерзімі.
Бұлардан басқа төмендегідей көрсеткіштер де қатерге алынады:
Тасымал көлемі –жыл ішіндегі барлық тасылған жүк немесе жолаушы;
Жүк айналымы- жыл ішіндегі тонна-километрмен анықталатын тасылған жүк мөлшері;
Жолаушы айналымы- жыл ішіндегі жолаушы -километрмен анықталатын тасылған адам саны.
Қозғалыс екпінділігі- уақыт бірлігі ( сағат, тәулік) ішінде жолмен өтетін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің санымен анықталады.
Жүк қарбаласы- уақыт бірлігі ( жыл, тәулік) ішінде жолдың белгілі кесімі арқылы өтетін жүктің салмағымен анықталады.
ІІ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
2.1Автокөлік жолдарындағы пайдалану қызметін ұйымдастыру
Қазіргі заманғы ав-ль жолдары күрделі көліктік құрылыстар болып табылады.Оны тиімді және жоспарлы пайдалану жүк немесе жолаушы тасымалын ұйымдастыруға тікелей тәуелді.Пайдалану барысында жолдың техникалық жағдайы бірте-бірте нашарлап, онымен көлік қозғалысының шамасы азаяды. Сондықтан жолды пайдалануға маңыз беріліп, онымен арнайы жол пайдалану қызметі айналысады. Жол қызметі жолдың тұрақты жақсы жағдайда болуын, онымен көлік құралдарының есептік жылдамдықпен және жүктемемен жыл бойы қауіпсіз жағдайда ыңғайлы жүруін қамтамасыз етеді.
...