Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табиғи материалдармен әдістемесі

Автор:   •  Декабрь 7, 2020  •  Реферат  •  798 Слов (4 Страниц)  •  801 Просмотры

Страница 1 из 4

Табиғи материалдармен әдістемесі-Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Қолөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар. Табиғи материалдармен жұмыс бастауыш сыныптарда кеңінен қарастырылған. Мұндай жұмыстарды жасату барысында оқушыларға жұмыс жасатумен қатар, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелейміз. Сондықтан да елімізде табиғатты қорғау заң арқылы реттеледі.

Табиғи материалдар түрлері мен қасиеттері

-                   бүр мен бүршіктер;

-                   бұтақтар;

-                   мүк;

-                   жапырақ;

-                   құс қауырсыны;

-                   тұқым;

-                   қамыс.

Бүр немесе бүршіктер – қылқан жапырақты ағаштардың ұрықтары, жемістері. Бүршіктер пішіні, шамасы және түрі жағынан әр алуан.

Олар жақсы желімделеді, көлемді ойыншықтар, тартымды бұйымдар жасауға пайдалануға болады.

Олардан адамның, жануарлардың кеудесін пішіндей аламыз. Ашылмаған бүр, бүршіктермен жұмыс істеген қолайлы. Бүрлерді дымқыл жапырақты жерден жинаймыз. Сонда олар пішінін бұзбайды.

Бұтақтар. Бұтақтар – қызыл талдың, қарағайдың, шыршаның, сиреннің бұтақтары бізге неғұрлым ыңғайлы. Өйткені, олардың бұтақтары серпімді, кепкенде онша морт сынбайды.

Бұтақтардан қол, аяқ, мойын, сувенирлердің, бұйымдардың жіңішке таяқшаларын жасайды. Ағаш бейнесін жасауға болады. Құрғақ, бірақ өте кеуіп кетпеген бұтақтарды жинаймыз.

Мүк. Бұйымдарды дайындаған кезде мүкті негізгі түс, фон ретінде, сондай-ақ, түрлі түктерді, мысалы, адамның сақал-мұртын бейнелегенде пайдалануға болады. Мүк тез желімделеді.

Жапырақ. Жапырақтардың пішіні мен түр-түсі мейлінше алуан түрлі болады.

Емен, үйеңкі жапырақтарын қайың желкені есебінде қолданады. Жапырақтардан  көбелектердің, құстардың қанаттарын, балықтың қанат-құрығын, бақаның табынын т.б. жасайды.

Жапырақтарды күзде жинайды. Жылдың бұл мезгілінде жапырақтар өте әдемі болады. Жапырақтардың түсі де сан алуан болады. Жиналған өсімдік жапрырақтарын қағаз парақтарының арасына салып, жылы үтікпен тегістейміз.

Құс қауырсыны. Қауырсындар да әр түрлі, сан алуан болады. Қауырсындарды мөлшеріне қарай реттеп, түсіне қарай әртүрлі мақсатт қолдануға болады. Жұмыс алдында қауырсынды жуып, құрғаматыз және тарап, мамықтарын шығарамыз.

...

Скачать:   txt (8.7 Kb)   pdf (41 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club