Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдістемесі
Автор: kgu.daulet • Январь 20, 2018 • Курсовая работа • 16,800 Слов (68 Страниц) • 2,278 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................…… 3
1-тарау. Ақпараттық технология және ресурстары ............….… 7
1.1. Ақпараттық технологияны енгізу........................................…… 8
1.2. Жаңа ақпараттық технология (РАБИС)................................….. 17
2-тарау. Жаңашыл технологияларды көпшілікке тарату....…… 19
2.1. Ақпараттық технология саласындағы инновациялық
қызмет ....................................................................................…… 22
2.2. Оқырмандарға компьютерлік технологиялар негізінде
ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсетуді дамыту …. 34
2.3. Арнайы пайдаланушыларға арналған электрондық қор....…… 39
3-тарау. Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету
әдістемесі ............................................................................... ….. 47
3.1. Ақпараттық технологияның ғылыми зерттеу пайдасы ....…… 48
3.2. Қазақстандағы ақпараттық технологияны дамыту
проблемалары ........................................................................…… 59
3.3. Қазақ тілінде ақпараттық технологияны дамыту
проблемалары.........................................................................…… 60
Қорытынды................................................................................….. 64
Қолданылған әдебиеттер ........................................................…… 67
КІРІСПЕ
XXI ғасырда кітапхананы ақпараттық мекеме ретінде қарай отырып, оның дамуын жаңа автоматтандырылған технологияларды пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Компьтерлер мен Интернет ұсынатын жаңа ақпараттық технологиялар, электронды құжаттар ақпараттық құралдарды, уақыт пен кеңістік өлшемінсіз шексіз кең пайдалануына әкеледі.
Қазіргі кезеңде кітапхана ақпараттық ресурстары, ынталы шығармашылық кадрлық мүмкіндігі бар, мәдени бос уақытты пайдалы өткізетін, білім беретін орталық болып саналады. Қайсы кітапханада болсын автоматтандыру жобасын жүзеге асырудағы ең маңызды кезең базалық бағдарламаны пайдалануды қамтамасыз етуді таңдай білу.
Кітапхана ісінде компьютерлік технологияларды кең ауқымды пайдалануды оқырмандар мен кітапхананың басқа пайдаланушыларының ақпаратқа деген сұранымын қанағаттандыруға негізделген.
Автоматтандыру процесінде мәліметтер базасы меп электронды каталог арқылы оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандар сұранымын зерттеу негізінде толықтырылған компакт дискілер, толық тексті мәліметтер базасын ұсыну, Интернет жүйесін пайдалану қызметтері жатады.
Дипломдық жұмыстың алға қойып отырған мақсаты – қажетті ақпараттарды іздеуде көмек көрсету және ақпарат алуды бірнеше операциялар арқылы жүзеге асыру.
Кітапханада шығарылған мәліметтер қоры мен ресурстарын пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жүргізуімен қатар перспективалық міндеттерді жүзеге асыру, кітапхананың оқырмандарға жылдам, толық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қазіргі кезеңдегі жаңа сапалы орталыққа айналуына септігін тигізеді.
Кітапхана жұмысында жаңа технологияны қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Қазір кітапханалардың көбін, әсіресе облыстық немесе бас кітапханаларды электрондық ресурссыз елестету қиын. Бұл кітапхананың басты мақсаты кез – келген кітапханалар сияқты өз тұтынушыларын кеңінен ақпаратпен толық қанағаттандыру. Бірақ басты мақсат
...