Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу

Автор:   •  Апрель 20, 2018  •  Реферат  •  656 Слов (3 Страниц)  •  7,339 Просмотры

Страница 1 из 3

Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу.

Міндеттері:

  1. Үлесті алу және атауымен таныстыру;
  2. Санның үлесін және үлесі бойынша санды табуға есептер шығаруға жаттықтыру.

Жоспар:

  1. Көрнекілік арқылы үлесі ұғымын түсіндіру.
  2. Үлесі бойынша санды, саны бойынша үлесін табуға есептер шығару арқылы таныстыру. М-3, 72-74 беттер.

Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады.

Балаларды үлестермен таныстыру практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар, шамаларға практикалық амалдар қолдану арқылы беріледі.

Жолақтың ұзындығы 12 см, ол 3 тең бөлікке бөлінген. Бір бөлігінің ұзындығы неше сантиметр? (4 см)

Қалай білдіңдер? 12:3=4 (см), сонда саны бойынша үлесін табу үшін қандай амал қолданамыз? (бөлу)

Жолақ тең 4 бөлікке бөлінген. Оның бір бөлігінің ұзындығы 3 см. Тұтас жолақтың ұзындығы қанша сантиметр? (12 см) Қалай білдіңдер? 4*3=12 (см), сонда үлесі бойынша санын табу үшін қандай амал қолданамыз? (көбейту).

        Бөлік, үлес туралы түсінік фигураларды тең бөлікке бөлу, бөлігін табу арқылы қалыптастырылады. Мысалы, геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу арқылы үлес ұғымын таныстыру. Слайд бойынша салыстыру кестесін талдап, есеп құрастыру.

        Үлесті алғашқы рет көбейту мен бөлуді оқытумен байланысты 3-сыныпта оқытылады. Үлесті оқыту шаманы оқытумен тығыз байланысты, сондықтан оқушылар математиканың өмірмен байланысын аңғарады.

Үлесті алудың бірінші сабағында оқушылар бірден шаманың үлесін табуды шешуге үйренеді. Мысалы: «Көк кесіндінің ұзындығы қанша сантиметр? Көк кесіндінің жартысының (екіден бір бөлік) ұзындығы қанша сантиметр?» (4 см)

        Бірден әр түрлі шамалар қарастырылады: «Тәуліктің жартысы неше сағатты құрайды? Ал тәуліктің төрттен бір бөлігі? Ал үштен бір бөлігі ше? Сағаттың жартысы неше минут? Ал сағаттың үштен бірі ше? Ал алтыдан бірі ше? , «Қорапта 18 кг шай бар. Қораптың жартысы қанша кг? Ал он сегізден бір бөлігі ше?». Есептерді салыстыру және оларды шешу арқылы оқушылар әр түрлі шамаларға үлесті қолдануға және шаманың үлесін табуға үйренеді.

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (79.9 Kb)   docx (13.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club